ӨЗІН-ӨЗІ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУШЫ АЗАМАТТАРМЕН ОНЛАЙН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
"Nur Otan" партиясы Ойыл аудандық филиалының ұйымдастыруымен Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында "Атамекен" КҰП- ның Ойыл аудандық филиалының директоры Ләззат Абдраймова өзін-өзі жұмыспен қамтушы азаматтармен онлайн семинар-тренинг өткізді. Еске сала кетсек 2017-2021 жылға жоспарланған бағдарламаның мақсаты: Халықты нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және азаматтарды кәсіпкерлікке тарту болып табылады. Ал, міндеттеріне келер болсақ 1. Еңбек нарығының қажеттілігін есепке ала отырып техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау. 2. Еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер мен дағдылар бойынша жұмысшы кадрларды қысқа мерзімді кәсіптік оқу. 3. Кәсіпкерлік негіздеріне оқыту. 4. Ауылда және қалада микрокредит беруді кеңейту. 5. Ж…






