ҚҰС ШАРУАШЫЛЫҒЫМЕН АЙНАЛЫСАТЫН КӘСІПКЕР
"Nur Otan" партиясының "Бақытты отбасы" жобасы аясында көп балалы аналардың Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы негізінде ашқан кәсіптерін насихаттау негізінде "Nur Otan" партиясының Ойыл аудандық филиалы Оспанова Улжанмен тілдескен болатын. ☆☆☆ Менин есімі Оспанова Улжан Жолдаскалиевна Мен көп балалы анамын. Отбасымның жарқын болашағы үшін жеке кәсіп ашпақ ниетте 2020 жылдың шілде айында 555 600 сомасында мемлекеттің қайтарымсыз грантына ие болдым. Қазіргі таңда құс шаруашылығымен айналысып жатырмын. Қаржыны алып тауық сатып алдым. Бүгінде сол тауықтарды бағып, тұқымын алып, көбейтуге жұмыстар атқарып жатырмын. Аллаға шукир тауықтарым жақсы өсіп жатыр. Жазда екі тауық балапан басты.Осылайша тауықтар саны көбейіп жатыр. Жаздай жұмыртқа туып тұрды. Ал қазір күн салқындауына байланысты шамалы тоқтап тұр. Құс өсіру шаруашылығы еңбек етіп, кәсіптің көзін табамын деген адам үшін, берекелі кәсіптердің бірі дегім келеді.
