Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ӨЗІН-ӨЗІ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУШЫ АЗАМАТТАРМЕН ОНЛАЙН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

"Nur Otan" партиясы Ойыл аудандық филиалының ұйымдастыруымен Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында "Атамекен" КҰП- ның Ойыл аудандық филиалының директоры Ләззат Абдраймова өзін-өзі жұмыспен қамтушы азаматтармен онлайн семинар-тренинг өткізді. Еске сала кетсек 2017-2021 жылға жоспарланған бағдарламаның мақсаты: Халықты нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және азаматтарды кәсіпкерлікке тарту болып табылады. Ал, міндеттеріне келер болсақ 1. Еңбек нарығының қажеттілігін есепке ала отырып техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау. 2. Еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер мен дағдылар бойынша жұмысшы кадрларды қысқа мерзімді кәсіптік оқу. 3. Кәсіпкерлік негіздеріне оқыту. 4. Ауылда және қалада микрокредит беруді кеңейту. 5. Жұмыссыздарды және өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдарды жұмыспен қамтамасыз етуге жәрдемдесу. 6. Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру. 7. Жұмысқа орналастыру бойынша бірыңғай цифрлық алаң құру. Кездесуде жоғарыда аталған мәселелер бойынша ауданда өзін-өзі жұмыспен қамтушы азаматтарға кеңінен түсіндіріліп, ақпараттар берілді.

Еще по теме

ӨЗІН-ӨЗІ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУШЫ АЗАМАТТАРМЕН ОНЛАЙН КЕЗДЕСУ ӨТТІ - Yvision.kz