АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАЛАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ
"Nur Otan" партиясы Ойыл аудандық филиалының Саяси кеңес мүшелері және партиялық бақылау комиссиясы, Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі басшысы Сүйіндік Оскенбаев аудандағы азақ-түлік дүкендеріне барып, бағаларына мониторинг жүргізді. Оның ішінде "Сапа", "Сәт", дүкендері мен "Бекарыс" шайханасына жүргізілген мониторинг нәтижесінде бағаның тұрақты, өнімнің сапалы екендігі белгілі болды.
Азық-түлік дүкен иелерінің айтуынша тұрғындар тарапынан тамақ бағасына шағым жоқ екен, керсінше бағаны тұрақты әрі қолжетімді бағада ұстап тұратындықтарын айтады.
