Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ЖОЛДАРДЫҢ САПАСЫ ПАРТИЯНЫҢ БАҚЫЛАУЫНДА.

ЖОЛДАРДЫҢ САПАСЫ ПАРТИЯНЫҢ БАҚЫЛАУЫНДА

Соңғы жылдары елді мекендер мен ауданаралық жолдарды қалпына келтіру, тас төсеп, асфальттау, тозығы жеткен немесе жаңадан салынған көшелерде тұрғындарға ыңғайлы жағдай жасау мақсатында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Мұндай игілікті істерден Мақтаарал ауданы да қалыс қалмаған.

Бүгін «Nur Otan» партиясы Мақтаарал аудандық филиалының кестелік жүйесіне сәйкес жол жөндеу жұмыстарына бақылау жүргізілді.

Бірінші кезекте бақылаушылар ішкі жолдарға төселіп жатқан асфальттардың сапасын, төселген тастар мен асфальттардың құрамын, қалыңдығы мен енінің ұзындығын назарға алды.

«Жолдың сапасын назарға алып, тексеру жұмыстарын жүргізу – ең бірінші кезекте тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Ішкі жолдарда жол көлік апаттарының алдын алады. Бұл юұмыстар тек бүгінмен тоқтап қалмайды, алдағы уақыттарда да жалғасын табатын болады» дейді «Nur Otan» партиясы Мақтаарал аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Досым Асабаев.

0
0
159

Еще по теме

ЖОЛДАРДЫҢ САПАСЫ ПАРТИЯНЫҢ БАҚЫЛАУЫНДА. - Yvision.kz