ЕШКІ ӨСІРУМЕН АЙНАЛЫСАТЫН КӘСІПКЕР
"Nur Otan" партиясының "Бақытты отбасы" жобасы аясында көп балалы аналардың Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы негізінде ашқан кәсіптерін насихаттау негізінде "Nur Otan" партиясының Ойыл аудандық филиалы Сағынтай Райгүл Әнесқызымен тілдескен болатын. ☆☆☆ Мен Сағынтай Райгүл 5 баланың анасымын. Балаларымының кемел келешегі үшін жеке кәсіп ашуды қолға алған болатынмын.Қазақ халқы "Жібекті түте алмаған жүн етеді"-деп тегін айтпаса керек. Кәсіп те дәл сол секілді қиуын қиыстырып көзін таппасаң еңбектің еш кеткені. Талпынысы мен мақсаты айқын адам үшін әрқашан екі қолға бір күрек табылады. Осы орайда мен де жеке шағын кәсібімді ашуға ниеттендім. 2020 жылдың шілде айында 555 600 сомасында мемлекеттің қайтарымсыз грантына ие болдым. Қазіргі таңда ешкі малын өсірумен айналысамын. Ұсақ жандықтар сатып алып соларды өсірудемін. Өсім де жаман емес. Ішсең сүт, жесең ет болатын мал шаруашылығы қазаққа ең қолайлы кәсіптердің бірі.
