Перейти к содержимому

Новое

ҮМІТКЕРЛЕР КӘСІПКЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

«Nur Otan» партиясы Мақтаарал аудандық филиалының бекіткен жүйелік кестесіне сәйкес бүгін аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Тұрсынхан Ахылбеков пен Жомарт Датқаев және «Nur Otan» партиясы сайлауалды штабының төрағасы Досым Асабаев жергілікті тұрғындармен кезекті кездесуін өткізді.

Үміткер аудандағы «Алтын» сауда орталығының қызметкерлерімен жүздесіп, еркін форматта әңгіме құрды. Халық пен билікті байланыстырып, өзекті мәселелердің дер кезінде шешілуіне орасан зор үлес қосып келе жатқан «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, пікір алмасты. Атқарылар істердің барысымен бөлісті.

Айта кетейік, аталмыш кездесуге «Nur Otan»-дықтармен қатар «Jas Otan» жастар қанатының еріктілері де қатысып, партия үміткерлерін қолдауға негізделшен үнпарақшалар таратты.

0
0
159

АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Бүгін "Nur Otan" партиясы Төлеби аудандық филиалының желілік кестесіне сәйкес аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлерлер: Н.Клушев, Х.Аширбеков, Ф.Қалтаева, Д.Турдалиев, Ө.Бердіғали, Б.Қожатай, Б.Турлыбеков "Есіктен есікке" акциясы аясында Аққұм ауылдық округіне барып, үй-үйді аралап,  сайлауалды насихат жұмыстарын жан-жақты жүргізді. Тұрғындармен емен-жарқын дидарласып,  партияның алдағы бес жылға жоспарланған бағдарламасымен таныстырып, ауыл азаматтарының талап-тілектерін  тыңдады. Кездесу  барысында ауылдықтар «Nur Otan» партиясына оң көзқарас танытты.

2
0
139

«ЕСІКТЕН-ЕСІККЕ» АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА

«Nur Otan» партиясы Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісі мен Түркістан облыстық мәслихаты депутаттығына үміткерлер Мақтаарал ауданында «ЕСІКТЕН-ЕСІККЕ» акциясы аясында Атакент кентінде тұрғындармен жүздесті.

Атакент кенті ардагерлер кеңесі төрағасы Еркін Жантөреевтің үйінде өткен кездесу барысында партияның сайлауалды бағдарламасының басымдықтары, атқарылған жұмыстардың барысы мен атқарылар істердің жоспары талқыланды. Тұрғындардың сұрақтарына жауап берді. Халық қалаулыларын сайлау күні «Nur Otan» партиясына қолдау білдіруге шақырды.

0
0
127

ОБЛЫС ҮМІТКЕРЛЕРІ МАҚТААРАЛДА

«Nur Otan» партиясының Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісі мен Түркістан облыстық мәслихаты депутаттығына үміткерлер бүгін Мақтаарал ауданына келді.

Аудан орталығы Мырзакент кентінде орналасқан «Мақтаарал» аудандық мәдениет үйінде үміткерлер жергілікті мәдениет саласының майталмандары мен кітапханашылардың басын қосып, кездесу өткізді.

Сайлаушылармен жүздескен «Nur Otan»-дықтар елдегі аграрлы, білім, денсаулық сақтау салаларымен қатар кәсіпкерлік бойынша жасалып жатқан қамқорлықтар жайына тоқталды. Әлеуметтік қамсыздандыру бағытындағы қажеттіліктерді тілге тиек еткен үміткерлер «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Басым бағыттар бойынша атқарылатын жұмыстардың барысымен бөлісті.

Тұрғындармен кездесу барысында ауылдарды газдандыру, ауыз суға қолжетімділікті қамтамасыз ету, әлеуметтік нысандар салу және жаңа жұмыс орындарын ашу мәселелері бойынша қойылған сұрақтарға жауап беріп, 10 қаңтарда өтетін сайлауда партияны қолдап дауыс беруге шақырды.

0
0
133

ОНЛАЙН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Мақтаарал аудандық мәслихаты депутаттығына үміткер Сүндет Кенжебаев пен Меруерт Даубаева, «Nur Otan» партиясы Мақтаарал аудандық сайлауалды штабының төрағасы Досым Асабаев аудандағы еңбек және тыл ардагерлерімен ZOOM платформасы арқылы онлайн кездесу өткізіп, партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырды.

Электронды форматта өткен кездесу барысында кандидаттар тұрғындар тарапынан айтылған бірқатар мәселелерді талқылап, құқықтық кеңестерін берді.

0
0
124

#NurOtan

Құрметті әріптестер! Көк байрағы желбіреген, бүгінгідей абыройлы да айбынды, беделді де берекелі, ынтымағы мен бірлігі жарасқан еліміздің ғасырлар бойы аңсаған Тәуелсіздігіне ие болғанымызға биыл 25 жыл толып отыр. Ұлттық қасиетіміз бен Ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап, Ұлттық намысымызды оятқан, әлемге қазақты азаттық сүйгіш, рухы биік, намысы берік халық ретінде жариялаған Тәуелсіздік күні құтты болсын!  Республикамыздың осындай биіктіктерді бағындыруына барлық адамдар сүбелі үлес қосып келеді. Ұрпақтарының ырысы ортаймасын, намысы тапталмасын деп көксеген ата-бабамыздың арманы орындалған осы шақта баршаңызға бақыт, байлық, береке тілейміз. Еліміздің ертеңі жолындағы еңбегіміз жана берсін! Өркениет көшіне ілескен халқымызға гүлдену мен көркею тілей отырып, еліміздің дәулеті, жеріміздің сәулеті жолындағы игілікті істеріңіз табысты болсын! Сіздерге зор денсаулық, мол игілік, барлық бастамаларда сәттілік, ертеңге сенімділіктеріңіз көп болып, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!

Ізгі тілекпен: «Нұр Отан» партиясы Оңтүстік  Қазақстан облысы, Төлеби аудандық филиалы #nurotan

0
0
132

АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТЫҒЫНА КАНДИДАТТАРДЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ӨҢІРДІҢ ПРОБЛЕМАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Бүгін "Nur Otan" партиясы Төлеби аудандық филиалының ұйымдастыруымен сайлауалды штабында өткен жиынға аудандық мәслихатқа депутаттығына үміткерлер: Қ.Қансеитов, М.Ермаханбетова, Н.Клушев, Х.Аширбеков, Б.Қожатай, А.Катаев, Ф.Қалтаева, Д.Турдалиевтер қатысты.

Бұл шарада өңірдің проблемалық мәселелері талқыланып қана қоймай ауданда шешілмей жатқан мәселелерді шешу жолдары айтылды. Іс-шараны ашып, жүргізіп отырған «Nur Otan» партиясы Төлеби аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары және аудандық мәслихат депутатығына үміткер Қ.Қансейтов басқосудың мәні мен мақсатына тоқталды. Сонымен қатар партияның мақсаттары мен міндеттерін, сайлауалды бағдарламаларды аудан тұрғындарына жете түсіндіру қажеттілігін атап өтті. Көкейлерінде жүрген мәселелерді ортаға салды.

Аталған жиын барысында сонымен қатар кандидаттар сайлауалды штабында қоғамдық қабылдау өткізіп, мәселеріне ҚР заңдылықтарына сәйкес түсініктемелер берілді.

«Nur Otan» партиясы Төлеби аудандық филиалының баспасөз қызметі

2
0
126

"ЕСІКТЕН ЕСІККЕ» АКЦИЯ АЯСЫНДА ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУІ

Nur Otan партиясы өзінің сайлауалды науқанындағы басымдықтардың бірі ретінде сайлаушылармен акция шеңберінде тікелей диалог нысанында қарым-қатынасты нығайта түсу. ⠀

Акцияда тек аудан тұрғындарымен кездесіп қана қоймай, партия бағдарламасы жазылған  брошюралар таратылды.

Сонымен қатар тұрғындардың ұсыныс-тілектерін тыңдап, кандидаттар «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Ондағы негізгі басымдықтарды ерекше атап өтті. Елбасы Н.Назарбаевтың сындарлы саясатын жалғастыратын, биліктің партиясы ретінде көшбасшылар арасындағы сабақтастықты орнататынын тілге тиек етіп, сайлауда «Nur Otan» партиясын қолдап, дауыс беруге шақырды.

⠀ Облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлер Ғ.Елшибаев, А.Амиралиев және аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Қ.Қансейтов "ЕСІКТЕН ЕСІККЕ» акциясы аясында Кемеқалған ауылдық округін аралап қана қоймай, жергілікті тұрғындармен жүзбе жүз дидарласып, партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырды.

2
0
130