ҮМІТКЕРЛЕР КӘСІПКЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ
«Nur Otan» партиясы Мақтаарал аудандық филиалының бекіткен жүйелік кестесіне сәйкес бүгін аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Тұрсынхан Ахылбеков пен Жомарт Датқаев және «Nur Otan» партиясы сайлауалды штабының төрағасы Досым Асабаев жергілікті тұрғындармен кезекті кездесуін өткізді.
Үміткер аудандағы «Алтын» сауда орталығының қызметкерлерімен жүздесіп, еркін форматта әңгіме құрды. Халық пен билікті байланыстырып, өзекті мәселелердің дер кезінде шешілуіне орасан зор үлес қосып келе жатқан «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, пікір алмасты. Атқарылар істердің барысымен бөлісті.
Айта кетейік, аталмыш кездесуге «Nur Otan»-дықтармен қатар «Jas Otan» жастар қанатының еріктілері де қатысып, партия үміткерлерін қолдауға негізделшен үнпарақшалар таратты.
