«ЕСІКТЕН-ЕСІККЕ» АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА
«Nur Otan» партиясы Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісі мен Түркістан облыстық мәслихаты депутаттығына үміткерлер Мақтаарал ауданында «ЕСІКТЕН-ЕСІККЕ» акциясы аясында Атакент кентінде тұрғындармен жүздесті.
Атакент кенті ардагерлер кеңесі төрағасы Еркін Жантөреевтің үйінде өткен кездесу барысында партияның сайлауалды бағдарламасының басымдықтары, атқарылған жұмыстардың барысы мен атқарылар істердің жоспары талқыланды. Тұрғындардың сұрақтарына жауап берді. Халық қалаулыларын сайлау күні «Nur Otan» партиясына қолдау білдіруге шақырды.
