«Nur Otan» партиясының Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісі мен Түркістан облыстық мәслихаты депутаттығына үміткерлер бүгін Мақтаарал ауданына келді.
Аудан орталығы Мырзакент кентінде орналасқан «Мақтаарал» аудандық мәдениет үйінде үміткерлер жергілікті мәдениет саласының майталмандары мен кітапханашылардың басын қосып, кездесу өткізді.
Сайлаушылармен жүздескен «Nur Otan»-дықтар елдегі аграрлы, білім, денсаулық сақтау салаларымен қатар кәсіпкерлік бойынша жасалып жатқан қамқорлықтар жайына тоқталды. Әлеуметтік қамсыздандыру бағытындағы қажеттіліктерді тілге тиек еткен үміткерлер «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Басым бағыттар бойынша атқарылатын жұмыстардың барысымен бөлісті.
Тұрғындармен кездесу барысында ауылдарды газдандыру, ауыз суға қолжетімділікті қамтамасыз ету, әлеуметтік нысандар салу және жаңа жұмыс орындарын ашу мәселелері бойынша қойылған сұрақтарға жауап беріп, 10 қаңтарда өтетін сайлауда партияны қолдап дауыс беруге шақырды.