Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Бүгін "Nur Otan" партиясы Төлеби аудандық филиалының желілік кестесіне сәйкес аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлерлер: Н.Клушев, Х.Аширбеков, Ф.Қалтаева, Д.Турдалиев, Ө.Бердіғали, Б.Қожатай, Б.Турлыбеков "Есіктен есікке" акциясы аясында Аққұм ауылдық округіне барып, үй-үйді аралап, сайлауалды насихат жұмыстарын жан-жақты жүргізді. Тұрғындармен емен-жарқын дидарласып, партияның алдағы бес жылға жоспарланған бағдарламасымен таныстырып, ауыл азаматтарының талап-тілектерін тыңдады. Кездесу барысында ауылдықтар «Nur Otan» партиясына оң көзқарас танытты.

Еще по теме

АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ - Yvision.kz