#NurOtan
Құрметті әріптестер! Көк байрағы желбіреген, бүгінгідей абыройлы да айбынды, беделді де берекелі, ынтымағы мен бірлігі жарасқан еліміздің ғасырлар бойы аңсаған Тәуелсіздігіне ие болғанымызға биыл 25 жыл толып отыр. Ұлттық қасиетіміз бен Ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап, Ұлттық намысымызды оятқан, әлемге қазақты азаттық сүйгіш, рухы биік, намысы берік халық ретінде жариялаған Тәуелсіздік күні құтты болсын! Республикамыздың осындай биіктіктерді бағындыруына барлық адамдар сүбелі үлес қосып келеді. Ұрпақтарының ырысы ортаймасын, намысы тапталмасын деп көксеген ата-бабамыздың арманы орындалған осы шақта баршаңызға бақыт, байлық, береке тілейміз. Еліміздің ертеңі жолындағы еңбегіміз жана берсін! Өркениет көшіне ілескен халқымызға гүлдену мен көркею тілей отырып, еліміздің дәулеті, жеріміздің сәулеті жолындағы игілікті істеріңіз табысты болсын! Сіздерге зор денсаулық, мол игілік, барлық бастамаларда сәттілік, ертеңге сенімділіктеріңіз көп болып, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!
Ізгі тілекпен: «Нұр Отан» партиясы Оңтүстік Қазақстан облысы, Төлеби аудандық филиалы #nurotan
