Бүгін «Nur Otan» партиясы Келес аудандық филиалының сайлауалды штабының қоғамдық қабылдау бөлмесінде «Nur Otan» партиясынан облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлер Н.Давлетяров, Ж.Ағабеков және С.Исаховалар Абай ауылының тұрғындарымен тұрғын-үй коммуналдық мәселелер бойынша кездесу өткізді.
Кездесуге келген ауыл тұрғындары Сарыағаш ауданы тұсында Сарыағаш қаласында салынған көпқабатты тұрғын үй кезегінде болып, Келес ауданы қайта құрылғаннан кейін бүгінгі таңда сол кезектен негізсіз алынғандары жайлы және Абай ауылнан кезекте тұрған азаматтарға үй іргелік жер беру мәселелерін көтерді.
Азаматтарға Сарыағаш қаласындағы тұрғын үй кезегінен алу мәселесі бойынша түсініктеме беріп, партия филиалы тарапынан бұл мәселе назарда болатынын, ал үй-іргелік жер бөлу бойынша қазіргі таңдағы жағдайды жеткізіп, жерді рәсімдеу бойынша алдағы уақытта тиісті жұмыстар жүргізілетінін жеткізді.
«Nur Otan» партиясының бағдарламасында Кәсіпкерлерді қолдау бағыты қарастырылған. Шағын және орта бизнесті дамыту – өңір экономикасының өсу резервтерінің бірі болып табылады. 2019 жылдың қорытындысы бойынша, аудандағы кәсіпкерлік көрсеткіштерінің оң динамикасы байқалды, ауданның жалпы өңірлік өніміне шағын және орта бизнестің үлесі артты.
Сарыағаш ауданы бойынша «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының алдағы 5 жылда осы саланың дамыту үшін бір қатар міндеттерді алып отыр. «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы шеңберінде ауылшаруашылық техникасын сатып алуға, көктемгі егін жұмыстары және мал шаруашылығы субъектілерін 10%-ға арттырып, несиелендіру көлемін ұлғайтуға; Жаңа бизнес идеяларды іске асыру мақсатында 2021 жылы 3 жоба, 2022 жылы 5 жоба, 2023 жылы 7 жоба, 2024 жылы 10 жоба, 2025 жылы 12 жобаны қайтарымсыз мемлекеттік грантпен қамтуға; «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры» АҚ-ның жеңілдетілген субсидиялау, кепілдендіру тетіктері арқылы 2021 жылы 5 жоба, 2022 жылы 8 жоба, 2023 жылы 10 жоба, 2024 жылы 15 жоба, 2025 жылы 20 жобаны іске асыруға; «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасымен 2021 жылы 20 жоба, 2022 жылы 25 жоба, 2023 жылы 30 жоба, 2024 жылы 35 жоба, 2025 жылы 40 жобаны (кәсібін кеңейтуге, қызмет көрсету саласына) несиелендіруге; ауданның жалпы өңірлік өнімінің (ЖӨӨ) көлеміндегі шағын және орта кәсіпкерліктің үлесін 2021 жылы 50,0%-дан 2025 жылы 55,0%-ға жеткізуге ықпал етеді. Нәтижесінде жалпы өңірлік өнімде шағын және орта бизнестің үлесі 93,0%-ға дейін артады, кәсіпкерлер саны 18,0 мыңға, ал ондағы жұмыскерлер саны 40 мыңға жетеді.
Партиялық тізімдегі кандидаттар осылай жалпы партяның кәсіпкерлік саласында қарастырылған міндеттерін толыққанды жеткізіп, алдағы сайлауда белсенділік танытып, «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.
«Nur Otan» партиясы Сарыағаш аудандық филиалының баспасөз қызметі.
Бүгін «Nur Otan» партиясынан облыстық мәжілісіне депутаттыққа үміткерлер ретінде тіркелген С.Исахова, Р.Оразбаев, Ж.Ағабеков және Н.Давлетяровтар Ақтөбе ауылдық округіне қарасты Ескі қорған, Қызыләскер, Бозсу, Ақжар Жаңа дәуір, Ынтымақ ауылдарында болып, үйме-үй жүріп сайлаушыларға «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын таныстырып, партияның алға қойған мақсаты мен атқарар істері жайлы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Сайлауалды бағдарламада көрсетілген 2025 жылға дейінгі ауылдық округіне жасалатын барлық мүмкіндіктерді толықтай түсіндірді. Ауыл ақсақалдарының ақ батасын алып қайтты.
Келес ауданының «Jas Otan» Жастар Қанатының белсенділері мен еріктілері кандидаттқа қолдау білдіріп, сайлаушыларға партияның сайлау қорының қаржысына дайындалған үгіт-насихат материалдарын үлестірді.
Әлімтау ауылының тұрғындарымен өткен кездеуде партиялықтар «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын, аудандық филиалдың алдағы 5 жылға жоспарлаған бағдарламасын сайлаушыларға таныстырып өтті.
Бағдарламаның бағытында лайықты жалақымен жаңа жұмыс орындарын құру көзделген. Халықтың өмір сүру деңгейін арттыру, ауыл шаруашылық кәсіпорындарын дамыту, сапалы тамақ өнімдерімен қамтамасыз ету үшін Сарыағаш ауданының артықшылықтары мен әлеуетін пайдаланатын болады. Бұл үшін бірінші кезекте «Nur Otan» партиясы: 2025 жылға дейін жеке инвестициялардың есебінен жаңа 10 өңдеу кәсіпорындарын ашуға жағдай жасайды, оның ішінде: тәулігіне 50 тонна макарон өндіретін цех ашу; қуаттылығы 4,0 мВт шағын су электростанциясының құрылысы; қуаттылығы сағатына 1000 бөтелке минералды су құю зауытын ашу. Нәтижесінде мыңнан астам жұмыс орны ашылады, орташа жалақы 140 мың теңгеге артады, жұмыссыздық деңгейі 2,0%-ға дейін төмендейді.
Кездесу соңында ауыл тұрғындары, өздері тарапынан қойылған сұрақтарға мардымды жауаптарын алып, қашанда «Nur Otan» партиясымен бірге екендерін жеткізді.
«Nur Otan» партиясы Сарыағаш аудандық филиалының баспасөз қызметі.
Бүгін Түркістан облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттар Ә.Ахметов, М.Сарыпбекова, Р.Қуатбекова қала тұрғындарымен онлайн форматта кездесу өткізді.
«Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы негіз болған іс-шарада қала экономикасының дамуын арттыратын жобалардың бағыттарын бірге талқылады.
Өз кезегінде сөз алған облыстық мәслихат депутаттығына үміткер М.Сарыпбекова:
- Жастар – мемлекеттің болашағы. Арыс қаласында 18 мыңнан астам жастар бар.
«Nur Otan» партиясы мен оның «Jas Otan» жастар қанаты жастарға жан-жақты қолдау көрсетуді күшейтеді. 2025 жылға қарай мемлекеттік органдармен бірлесіп, жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, шағын және орта кәсіпкерлікке тарту, жастарды ауылдық жерлерде тұрақтандыру, жастардың шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі дамытуына және әлеуетін арттыруға жағдай жасайтынын айтты.
Келесі кезекте сөйлеген Р.Қуатбекова:
- Мемлекет белсенді түрде әрбір отбасына тұрғын үй қолжетімді болуын қолдаймыз. Қалада 1770 адам тұрғын үй кезегінде тұр. Арыс қаласында 2 көпқабатты 60 пәтерлік тұрғын үйдің құрылысы аяқталды.
2025 жылы бір адамға шаққанда тұрғын үймен қамтамасыз ету деңгейін 15-тен 18 шаршы метрге жеткіземіз.
Нәтижесінде 2025 жылы қолжетімді тұрғын үймен 288 отбасы қамтамасыз етіледі және кезекте тұрған азаматтарға 2051 жер учаскесі беріліп, жеке тұрғын үй құрылысы жүргізілетін болады- деді.
Сегодня с работниками фермерского хозяйства «Калаубай» пообщались кандидат в депутаты в Мажилис Самат Мусабаев и кандидат в районный маслихат Аманат Махмутов, доверенное лицо кандидата Мейрамгуль Аманиязовой, Жумасат Максат. Члены штабов рассказали о предвыборной программе партии и выслушали проблемы фермеров.
Сельхозпроизводители в свою очередь отметили необходимость государственной поддержки. В ходе встречи в центре внимания были вопросы субсидирования сельхозпроизводителей на бурение скважин, затрат на электроэнергию и приобретение солнечных батарей.
- По Каракиянскому району проводится газовая магистраль Актау-порт Курык. Крестьянские хозяйства просят внести изменения в проектно-сметную документацию, включить их и дать им разрешение на подключение, - рассказывает первый заместитель председателя Каракиянского районного филиала партии Nur Otan Кыйлымгали Кошенов.
Получив в будущем газ и соответственно тепло, крестьянские хозяйства могут развивать тепличный бизнес, выращивая овощи и фрукты. Это позволит начинающим фермерам открыть, а опытным развивать собственное дело. Все это в свою очередь приведет к импортозамещению.
В этот же день, 19 декабря, кандидат в депутаты областного маслихата Nur Otan Абай Турикпенбаев провел встречу на ферме предпринимателя Жалмурата Толегена, ознакомился с работой хозяйства, выслушал проблемные вопросы и предложения.
Фермеры Каракиянского района пожелали успехов партйицам.
Тем временем продолжается активно информационно-разъяснительная и пропагандистская работа в городах и районах области. Встречи проходят в трудовых коллективах и крестьянских хозяйствах по Мангистауской области.
Ия, Оңғар Исаев ағамыз құрастырған «Сен туралы өзің айтпа, өзгелер айтсын» деген қазақтың мәтелі айтылған «Киелі келестің бәйтерегі» деп атаған кітабының кейіпкері Оңтүстік өңірге белгілі аптал азамат,
абыз ақсақал Ахмет Мұхамеджанов ағамыздың үйінде бүгін партияның аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары А.Жұмабеков қонақта болды.
Сарыағаш және Келес ауданының құрметті азаматы, сексенді алқымдаған Ахмет ағамыз бүгінде Келес аудандық Қоғамдық кеңесінің төрағасы.
Ағамыз Келес аудандық партия филиалының атқарып жатқан жұмыстарын ұдайы назардан тыс қалдырмай бағасын беріп, кеміш тұстарын түзетуге кеңес беріп отыратын азамат.
Ахмет аға алдымен Келес ауданының тарихын толық қамтыған баспаға басуға дайын жаңа кітаптың электрондық нұсқасымен таныстырып, екеу ара азды-көпті мазмұнын талқылады. Кітапқа Келес жерінің сонау ежелгі заманнан бергі тарихы, Кеңес дәуірінде өңірдің аудан болып құрылуы мен бүгінгі таңға дейінгі бар тыныс-тіршілігі, сондай ақ, елге еңбегі сіңген барша азаматтар жайлы деректер қамтылыпты.
Өз кезегінде А.Жұмабеков дастархан басында «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының басты бағыттары жөнінде әңгіме өрбітті.
Партияның сайлауалды бағдарламасы былтырғы партияның аудандық филиал төрағасы А.Есбаевпен бірге ауыл округтерде тұрғындарымен кездесудегі және биылғы жылғы Праймериз барысында кандидаттардың елді мекендерде кездесулері барысында жинақталған елді мекен тұрғындарының ұсыныс-пікірлері ескеріліп жасалғанын айтып өтті.
Ағамыз мұқият тыңдап партияның бағыты дұрыстығын, атқарылып жатқан жұмыстары халықтың көз алдында ашық жүріп жатқанын, сайлауалды бағдарламаның халық үшін тиімді, экономика мен өңірлердің орнықты дамуы үшін барлық мүмкіндігі бар әл-ауқатты қоғамды бірге құруға бағытталғанын айтып ақ батасын беріп, сайлауда сәттілік тіледі.
Бүгін «Nur Otan» партиясынан облыстық мәжілісіне депутаттыққа үміткер ретінде тіркелген Байдуллаев Файзулла Бірлесу ауылдық округіне қарасты Қазақстан ауылында үйме-үй жүріп сайлаушыларға «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын таныстырып, партияның алға қойған мақсаты мен атқарар істері жайлы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.
Келес ауданының «Jas Otan» Жастар Қанатының белсенділері мен еріктілері кандидаттқа қолдау білдіріп, сайлаушыларға партияның сайлау қорының қаржысына дайындалған үгіт-насихат материалдарын үлестірді.
Бүгін «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, облыстық мәслихат үміткері Бейсен Тәжібаев бастаған облыстық сайлауалды штаб мүшелері Сайрам ауданына жұмыс сапарымен барды. Ондағы мақсат – аудандағы проблемалық түйткілдерді талқылап, аудан тұрғындарына партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндіру болатын. Сонымен бірге облыстық мәслихатқа үміткер Бекасыл Төлендиев, Сайрам ауданы мәслихатына үміткерлер Алмас Әбдіқадыров, Бейбіт Биназаров және Жаңабек Хамраев та елге жергілікті деңгейде атқарылатын жұмыстарды саралады.
Облыстық штаб мүшелері ең алдымен Сайрам ауданы, Ақсу ауылы Қарабұлақ тасжолы бойында орналасқан «АХБК» тігін фабрикасының еңбек ұжымымен кездесті. Кәсіпорында арнайы формалар, әскери киімдер, төсек-орын бұйымдары тігіледі. Шағын кәсіпорын жылына 1 млн. дана киім-кешек пен төсек орын бұйымдарын шығаруға қауқарлы. Шикізат негізінен Ресей, Түркия елдерінен тасымалданады. Бүгінде кәсіпорын өнімдері негізінен ішкі нарықты қамтамасыз етіп отыр.
Кездесу диалог форматында өтті. Кәсіпорын жұмысымен танысып шыққан штаб мүшелері кәсіпорын қызметкерлеріне «Nur Otan» партиясының 5 жылдық сайлауалды бағдарламасын түсіндіріп берді. Сондай-ақ олар алдағы 5 жылда шағын және орта кәсіп өкілдеріне мемлекет тарапынан жасалынатын қамқорлықтарды да тілге тиек етті.
«Сайрам ауданының әлеуеті өте зор. Мұнда 200 мыңнан астам тұрғын бар. Халқы еңбекқор. Әсіресе, мал шаруашылығы жақсы дамыған. Мал бордақылау, ет экспорттау салалары көш ілгері дамып келеді. Ендігі мақсат– қайта өңдеу салаларын дамыту. Соның ішінде міне, сіздер тігін фабрикасын ашып, қаншама адамды жұмыспен қамтып отырсыздар. Алдағы 5 жылда «Nur Otan» партиясы өңіріміздегі шағын және орта бизнес өкілдерін оқытатын орталықтар ашып, қаржыландыру институттардың жұмысын күшейтуді көздеп отыр. Осы мақсатта алдағы жылдары мемлекеттен қыруар қаржы бөлінетін болады. Мұндай игілікті істердің басы-қасында билік партиясы жүргенін жақсы білесіздер. Сондықтан алдағы 10 қаңтар күнгі сайлауда баршаңызды белсенді қатысып, «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырамын», – деді Бейсен Дәулетұлы.
Мұнан соң штаб мүшелері Ақсу ауылында орналасқан тәулігіне 300 тонна бидай өңдейтін “АСЫЛ LTD» ЖШС-не атбасын бұрды. 2002 жылы іске қосылған бұл дирменнен «ШАХ-777» маркалы бидай ұны шығарылады. Диірменде бүгінгі таңда 48 адам еңбек етеді.
Диірмен жұмысшыларымен кездесу барысында штаб мүшелері аудандағы ауыл шаруашылығы саласында алдағы 5 жылда атқарылатын жоба-жоспарларды баяндады. Жұмысшылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.
Облыстық сайлауалды штаб мүшелері Қайнарбұлақ ауыл округінің тұрғындарымен де кездесті. Еркін форматта өткен жүздесуде әлеуметтік төлемдер, жұмыссыздықты жою, ауыз су сапасын жақсарту, ауыл шаруашылығы саласын субсидиялау секілді түйінді түйткілдер туралы тұрғандардың сауалдарына жауап берді.
Атап өтейік, «Nur Otan» партиясының Сайрам ауданы бойынша сайлау алды бағдарламасында аудан дамуының жеті басымдығы айқындалған.
Аталған бағыттар бойынша алдағы бес жылда халықтың әл-ауқатын көтеру үшін айтарлықтай жұмыстар атқарылады. Сайрам ауданында экономикалық тұрақты аудан бағыты бойынша 2025 жылға қарай 2,5 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылып, орташа жалақы 155 мың теңгеге жетеді, жалпы жұмыссыздық деңгейі 4,9%-ға төмендейді.
2025 жылға дейін кезектегі 300 отбасы, оның ішінде жастар мен әлеуметтік жағдайы төмен азаматтар мен аса қамқорлықты қажет ететін отбасылар тұрғын үймен қамтамасыз етіледі.
2025 жылға қарай жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 2,4%-ға дейін төмендеп, 5 мың жұмыссыз жас жұмысқа орналасады.
Аудан 100% газбен және таза ауыз сумен қамтылады.
«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі
Бүгін Арыс қалалық мәслихат депутаттығына кандидат Адамбеков Нұржан Әмірсейітұлы - Монтайтас елді мекеніндегі жұмыссыз тұрғындармен насихаттық кездесу өткізді.
Кездесу барысында кандидат Н.Адамбеков: - Біз лайықты жалақымен жаңа жұмыс орындарын құрамыз
Біз халықтың өмір сүру деңгейін арттыру мақсатында өңдеу кәсіпорындарын дамыта отырып, Арыс қаласының артықшылықтары мен әлеуетін пайдаланатын боламыз.
Мемлекеттік бағдарламалар және жеке инвесторлар есебінен өңдеу, ауыл шаруашылығы, шағын және орта бизнес салаларында 7 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. 2025 жылға Арыс қаласы бойынша өңдеу өнеркәсібінің өсімін 6%-ға арттырамыз.
Бұл үшін «Nur Otan» партиясы:
● 3000 басқа арналған ірі қара малды бордақылау алаңын, 4000 га жаңбырлатып суару тәсілімен мал азық өнімдерін өндіру жобасын іске асырып, 150 адамға жұмыс орынын ашуға;
● «Индустриялды-Инновациялық даму» бағдарламасы аясында ауылшаруашылық тауарларын тереңдетіп өңдейтін зауытты іске қосып, 150 адамға жұмыс орнын ашуға;
● 2019 жылы құрылыс жұмыстары аяқталған Қожатоғай ауылдық округінен «KazGrеenTekSolar» ЖШС-ның жалпы құны 7,0 млрд. теңгені құрайтын, жылына 14 мВт күн сәулесінен баламалы электр энергия өндіретін станциясына қосымша қуаттылығын арттыру мақсатында жылына 5 мВт электр энергия өндіретін станцияны іске қосуға;
● жылы жайдың көлемін 5,0 га дейін ұлғайтуға;
● Арыс қаласының кәріз тазалау станциясын іске қосуға ықпал етеді.
Нәтижесінде 425 жаңа жұмыс орны ашылып, жалақы 165 мың теңгеге дейін өседі, жұмыссыздық деңгейі 4,8%-ға төмендейді - деді.
Сайлауалды бағдарламаның тиімділігін қолдаған ауыл тұрғындары алдағы саяси додада "Nur Otan" партиясына сәттілік тіледі.