ОНЛАЙН КЕЗДЕСУ
Бүгін Түркістан облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттар Ә.Ахметов, М.Сарыпбекова, Р.Қуатбекова қала тұрғындарымен онлайн форматта кездесу өткізді.
«Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы негіз болған іс-шарада қала экономикасының дамуын арттыратын жобалардың бағыттарын бірге талқылады.
Өз кезегінде сөз алған облыстық мәслихат депутаттығына үміткер М.Сарыпбекова:
- Жастар – мемлекеттің болашағы. Арыс қаласында 18 мыңнан астам жастар бар.
«Nur Otan» партиясы мен оның «Jas Otan» жастар қанаты жастарға жан-жақты қолдау көрсетуді күшейтеді. 2025 жылға қарай мемлекеттік органдармен бірлесіп, жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, шағын және орта кәсіпкерлікке тарту, жастарды ауылдық жерлерде тұрақтандыру, жастардың шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі дамытуына және әлеуетін арттыруға жағдай жасайтынын айтты.
Келесі кезекте сөйлеген Р.Қуатбекова:
- Мемлекет белсенді түрде әрбір отбасына тұрғын үй қолжетімді болуын қолдаймыз. Қалада 1770 адам тұрғын үй кезегінде тұр. Арыс қаласында 2 көпқабатты 60 пәтерлік тұрғын үйдің құрылысы аяқталды.
2025 жылы бір адамға шаққанда тұрғын үймен қамтамасыз ету деңгейін 15-тен 18 шаршы метрге жеткіземіз.
Нәтижесінде 2025 жылы қолжетімді тұрғын үймен 288 отбасы қамтамасыз етіледі және кезекте тұрған азаматтарға 2051 жер учаскесі беріліп, жеке тұрғын үй құрылысы жүргізілетін болады- деді.
