«АҚ БИДАЙ-ТЕРМИНАЛ» АҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ
15 желтоқсанда аумақтық сайлауалды штаб мүшелерінің «Ақ бидай-терминал» АҚ терминалының қызметкерлерімен онлайн-кездесуі өтті.Кездесу барысында өңірлік сайлауалды штабының мүшесі Римма Өтесбаева өз сайлаушыларын партияның рөлі мен міндеттері туралы әңгімелеп, «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасымен егжей-тегжейлі таныстырды.«Маңғыстау облысының ауылшаруашылық саласында жаңа өндірістік қуаттарды салу маңызды. Атап айтқанда, 2023 жылға дейін қуаттылығы 15 мың тонна құрайтын жем зауытының, құс фабрикасының құрылысы, сондай-ақ Мұнайлы ауданында 2025 жылға дейін сыйымдылығы 5 мың тонна болатын ірі қоймалар салу », - деді облыстық мәслихат депутатына кандидат Ақылбай Сапаров.«Ақ бидай» кәсіпорнының жұмысшыларымен онлайн-кездесу кезінде облыстық штабтың мүшесі Иса Бимырзаев партия мүше…





