Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ӘЛІМТАУЛЫҚ САЙЛАУШЫЛАР «NUR OTAN»-ДЫ ҚОЛДАЙДЫ

Әлімтау ауылының тұрғындарымен өткен кездеуде партиялықтар «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын, аудандық филиалдың алдағы 5 жылға жоспарлаған бағдарламасын сайлаушыларға таныстырып өтті.

Бағдарламаның бағытында лайықты жалақымен жаңа жұмыс орындарын құру көзделген. Халықтың өмір сүру деңгейін арттыру, ауыл шаруашылық кәсіпорындарын дамыту, сапалы тамақ өнімдерімен қамтамасыз ету үшін Сарыағаш ауданының артықшылықтары мен әлеуетін пайдаланатын болады. Бұл үшін бірінші кезекте «Nur Otan» партиясы: 2025 жылға дейін жеке инвестициялардың есебінен жаңа 10 өңдеу кәсіпорындарын ашуға жағдай жасайды, оның ішінде: тәулігіне 50 тонна макарон өндіретін цех ашу; қуаттылығы 4,0 мВт шағын су электростанциясының құрылысы; қуаттылығы сағатына 1000 бөтелке минералды су құю зауытын ашу. Нәтижесінде мыңнан астам жұмыс орны ашылады, орташа жалақы 140 мың теңгеге артады, жұмыссыздық деңгейі 2,0%-ға дейін төмендейді.

Кездесу соңында ауыл тұрғындары, өздері тарапынан қойылған сұрақтарға мардымды жауаптарын алып, қашанда «Nur Otan» партиясымен бірге екендерін жеткізді.

«Nur Otan» партиясы Сарыағаш аудандық филиалының баспасөз қызметі.

0
0
142

Еще по теме

ӘЛІМТАУЛЫҚ САЙЛАУШЫЛАР «NUR OTAN»-ДЫ ҚОЛДАЙДЫ - Yvision.kz