Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

КАНДИДАТПЕН КЕЗДЕСУ

Бүгін Арыс қалалық мәслихат депутаттығына кандидат Адамбеков Нұржан Әмірсейітұлы - Монтайтас елді мекеніндегі жұмыссыз тұрғындармен насихаттық кездесу өткізді.

Кездесу барысында кандидат Н.Адамбеков: - Біз лайықты жалақымен жаңа жұмыс орындарын құрамыз

Біз халықтың өмір сүру деңгейін арттыру мақсатында өңдеу кәсіпорындарын дамыта отырып, Арыс қаласының артықшылықтары мен әлеуетін пайдаланатын боламыз.

Мемлекеттік бағдарламалар және жеке инвесторлар есебінен өңдеу, ауыл шаруашылығы, шағын және орта бизнес салаларында 7 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. 2025 жылға Арыс қаласы бойынша өңдеу өнеркәсібінің өсімін 6%-ға арттырамыз.

Бұл үшін «Nur Otan» партиясы:

● 3000 басқа арналған ірі қара малды бордақылау алаңын, 4000 га жаңбырлатып суару тәсілімен мал азық өнімдерін өндіру жобасын іске асырып, 150 адамға жұмыс орынын ашуға;

● «Индустриялды-Инновациялық даму» бағдарламасы аясында ауылшаруашылық тауарларын тереңдетіп өңдейтін зауытты іске қосып, 150 адамға жұмыс орнын ашуға;

● 2019 жылы құрылыс жұмыстары аяқталған Қожатоғай ауылдық округінен «KazGrеenTekSolar» ЖШС-ның жалпы құны 7,0 млрд. теңгені құрайтын, жылына 14 мВт күн сәулесінен баламалы электр энергия өндіретін станциясына қосымша қуаттылығын арттыру мақсатында жылына 5 мВт электр энергия өндіретін станцияны іске қосуға;

● жылы жайдың көлемін 5,0 га дейін ұлғайтуға;

● Арыс қаласының кәріз тазалау станциясын іске қосуға ықпал етеді.

Нәтижесінде 425 жаңа жұмыс орны ашылып, жалақы 165 мың теңгеге дейін өседі, жұмыссыздық деңгейі 4,8%-ға төмендейді - деді.

Сайлауалды бағдарламаның тиімділігін қолдаған ауыл тұрғындары алдағы саяси додада "Nur Otan" партиясына сәттілік тіледі.

0
0
115

Еще по теме

КАНДИДАТПЕН КЕЗДЕСУ - Yvision.kz