Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ЭКСПРОМТ-КЕЗДЕСУ

«Nur Otan» партиясының бағдарламасында Кәсіпкерлерді қолдау бағыты қарастырылған. Шағын және орта бизнесті дамыту – өңір экономикасының өсу резервтерінің бірі болып табылады. 2019 жылдың қорытындысы бойынша, аудандағы кәсіпкерлік көрсеткіштерінің оң динамикасы байқалды, ауданның жалпы өңірлік өніміне шағын және орта бизнестің үлесі артты.

Сарыағаш ауданы бойынша «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының алдағы 5 жылда осы саланың дамыту үшін бір қатар міндеттерді алып отыр. «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы шеңберінде ауылшаруашылық техникасын сатып алуға, көктемгі егін жұмыстары және мал шаруашылығы субъектілерін 10%-ға арттырып, несиелендіру көлемін ұлғайтуға; Жаңа бизнес идеяларды іске асыру мақсатында 2021 жылы 3 жоба, 2022 жылы 5 жоба, 2023 жылы 7 жоба, 2024 жылы 10 жоба, 2025 жылы 12 жобаны қайтарымсыз мемлекеттік грантпен қамтуға; «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры» АҚ-ның жеңілдетілген субсидиялау, кепілдендіру тетіктері арқылы 2021 жылы 5 жоба, 2022 жылы 8 жоба, 2023 жылы 10 жоба, 2024 жылы 15 жоба, 2025 жылы 20 жобаны іске асыруға; «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасымен 2021 жылы 20 жоба, 2022 жылы 25 жоба, 2023 жылы 30 жоба, 2024 жылы 35 жоба, 2025 жылы 40 жобаны (кәсібін кеңейтуге, қызмет көрсету саласына) несиелендіруге; ауданның жалпы өңірлік өнімінің (ЖӨӨ) көлеміндегі шағын және орта кәсіпкерліктің үлесін 2021 жылы 50,0%-дан 2025 жылы 55,0%-ға жеткізуге ықпал етеді. Нәтижесінде жалпы өңірлік өнімде шағын және орта бизнестің үлесі 93,0%-ға дейін артады, кәсіпкерлер саны 18,0 мыңға, ал ондағы жұмыскерлер саны 40 мыңға жетеді.

Партиялық тізімдегі кандидаттар осылай жалпы партяның кәсіпкерлік саласында қарастырылған міндеттерін толыққанды жеткізіп, алдағы сайлауда белсенділік танытып, «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.

«Nur Otan» партиясы Сарыағаш аудандық филиалының баспасөз қызметі.

0
0
276

Еще по теме

ЭКСПРОМТ-КЕЗДЕСУ - Yvision.kz