Перейти к содержимому

Новое

ОБЛЫСТЫҚ ПЕРИНАТАЛДЫҚ ОРТАЛЫҚТЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛАДЫ

Әлеуметтік желідегі оқырмандармен онлайн байланысқа Гүлмира Тәңірбергеновадан бөлек, Азамат Базар мен Гүлмайрам Габдушева шықты. Оқырмандардың сауалдарына жауап беріп, оларды алдағы сайлауға шақырды. Бағдарлама аясында медицина, білім, жастар, кәсіпкерлік бағытын талқылады.

- Біздің партия білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік

саладағы сапалы қызметтерге қол жеткізе отырып, қала тұрғындарының өмір сүру жағдайларын жақсартуға күш салысады. Алдағы жылдан бастап медициналық қызмет көрсетудің сапасын арттырады.  Біздер үшін COVID-19 пандемиясы үлкен сынақ болды. Медицина саласындағы мамандар үшін өте қиын болғаны анық. Сондықтан көп адамды осы саладағы өзгерістер алаңдататыны анық. Бұл індеттің алғашқы толқынында халық дәрілік препараттар мен медициналық құралдардың тапшылығына, сондай-ақ медициналық мекемелердің толып кетуіне тап болды. Десе де барлығы реттелді. Енді алда,ы жылдан бастап партия медицина саласына қз үлесін қосады. Бағдарламада көрсетілгендей, 2021 жылы ауысымына 150 адам қабылдайтын 200 төсекке консультациялық-диагностикалық бөлімшесі бар Облыстық перинаталдық орталықтың құрылысын аяқталады.

Ал 2022 жылы Ақтөбе медициналық орталығы аумағындағы корпус құрылысын аяқтау жоспарда тұр. Сонымен қатар Қарғалы қалалық ауруханасына 3 қабатты жапсаржай құрылысы да аяқталатын болады. 2023 жылы облыстық туберкулез диспансерінің құрылысы аяқталып, жұмысын бастайтын болады. Қалалық балалар клиникалық ауруханасының қабылдау бөлмесіне жапсырма құрылысының №4 қалалық емханасының Отбасылық денсаулық орталығының құрылысы 2024 жылы аяқталады,-деді Гүлмира Тәңірбергенова.

Медицина саласында «Түркия, Израиль, Оңтүстік Кореяның және Ресей Федерациясының жетекші клиникаларында жыл сайын кемінде 10 дәрігердің кәсіби біліктілігін арттыруға мүмкіндік бар» деген Гүлмайрам Габдушева одан басқа кәсіпкерлік саласы туралы да айтып өтті.

- Партияның бағдарламасынан қай бағытты алып қарасақа та

жаңашылдықтар, тиімді өзгерістер күтіп тұр. Ең бастысы халық қолдаса болды. Барлығы жасалатын болады. «Nur Otan» партиясы шағын және орта бизнесті дамытуға үлесін қосатынын менен бөлек кандидаттар да айтып жүр. «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы шеңберінде несие беру тетіктерін пайдалана отырып, жылына кемінде 100 жобаны қолдайды. Субсидиялау бойынша 40 жоба және кепілдік беру бойынша 60 жоба тұр. 2025 жылға дейін экономиканың басым секторларында жаңа бизнес идеяларды іске асыруға бір жылда кемінде 25 грант бөлінеді. Кәсіпкерлер үшін жыл сайын кәсіп ашу және бизнес жүргізу бойынша оқу курстарын, семинарлар мен тренингтерді ұйымдастыруға мүмкіндік бар. Нәтижесінде, 2025 жылға қарай 20 мыңнан астам жұмыс орыны құрылып, ШОБ-та жұмыс істейтіндердің саны 133,4 мың адамға дейін артады,-дейді Гүлмайрам Габдушева.

Эфир барысында жастар мәселесіне тоқталған жас кандидат Азамат Базар желі оқырмандардың барлығын алдағы сайлауда «» партиясына дауыс беруге шақырды. Жастар үшін жасалатын жаңалықтармен бөлісіп, экология саласына да шолу жасады.

0
0
146

Наряду с другими проектами, партия реализует программы «Будущее без преград», «Честь ветеранов»

Наряду с другими проектами, партия реализует программы  «Будущее без преград», «Честь ветеранов». И в рамках сегодняшнего дня посредством  Zoom была проведена онлайн  встреча с людьми с ограниченными возможностями и ветеранами. В связи с объявленным накануне ужесточением карантинных мер, плановая встреча офлайн была изменена на режим онлайн, о чем прошло извещение в соцсетях. Благодарим за подключение и вопросы участников встречи.

Были затронуты и обсуждены вопросы социальной сферы, инклюзивного образования, реабилитации людей с ограниченными возможностями, их трудоустройства.

0
0
118

КАНВАССИНГ шарасы аясында

Бөкей ордасы ауданы, Ұялы ауылында КАНВАССИНГ шарасы аясында аудандық мәслихат депутатына үміткер Мұхамжарова Маншук Жүсіпқалиқызы ауыл тұрғындарының үйіне барып, кездесу өткізді. Кездесу барысында партияның аудандық сайлауалды бағдарламасының 7 басым бағытын түсіндіріп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар «Nur Otan» партиясы еліміздің бүгінгі жеткен жетістіктерін жалғастыруға мүдделі саяси институт екенін айтып, ауыл сайлаушыларының талап-тілектерін тыңдап, 10 қаңтарда өтетін сайлауға белсене қатысуға шақырды.

0
0
128

КАНВАССИНГ - ШАРАСЫ ЖАЛҒАСУДА

Бөкей ордасы ауданында сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары аясында аудандық мәслихат депутатына үміткер Нургуль Серікқызы Зайнуллина Сайқын ауылы тұрғындарының үйіне барып, партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Бөкей ордасы ауданының экономикалық-әлеуметтік жағынан дамыту бағытындағы сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. «Nur Otan» партиясы еліміздің бүгінгі жеткен жетістіктерін жалғастыруға мүдделі саяси институт екені айтып, ауыл тұрғындарының талап-тілектерін тыңдады.

0
0
145

ЭКСПРОМТ - КЕЗДЕСУЛЕР ӨТТІ

Сайқын ауылының дүкендерінде ЭКСПРОМТ-КЕЗДЕСУЛЕР өтті. Кездесу барысында аудандық мәслихат депутатығына кандидат Зайнуллина Нүргүл Серікқызы сауда нысандарының әрбір келушісін партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, олардың сұрақтарына жауап берді. Тұрғындар тарапынан жастарды тәрбиелеу, білім беру, денсаулық сақтау, құқықтық сала бойынша мәселелер көтерілді. «2020 жыл бәріміз үшін үлкен сынақтардың жылы болды.  Осы сын-қатерлерге қарамастан, «Nur Otan» партиясы экономиканың тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін, қызмет жасап тұрған жұмыс орындарын сақтап қалу және жаңа жұмыс орындарын ашу үшін, сондай-ақ ауданымызды қауіпсіз әрі жайлы ету үшін бар күшін салатыннын жеткізді. 10 қаңтар күні сайлаушыларды «Nur Otan» партиясына дауыс беріп, жарқын болашаққа бірге қадам жасауға шақырамын» – деп шара соңында Нүргүл Серікқызы «Nur Otan» партиясына беруге шақырды.

0
0
194

ҮМІТКЕРЛЕР САЙЛАУШЫЛАРМЕН ОНЛАЙН ФОРМАТТА ЖҮЗДЕСТІ

Мақтаарал аудандық мәслихатының депутаттығына үміткер Тұрғанай Кунбаева мен Ақмарал Тельходжаева, Жомарт Датқаев пен Ержан Сыдықов, «Nur Otan» партиясы Мақтаарал аудандық сайлауалды штабының төрағасы Досым Асабаев пен штаб мүшесі Меруерт Даубаева бекітілген жүйелік кестеге сәйкес «Атакент» бастауыш партия ұйымының мүшелерімен және Атакент кентінің тұрғындарымен ZOOM платформалық жүйесі арқылы жүздесті.

Онлайн форматта өткен шарада үміткерлер үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасындағы 7 басымдығына тоқталды. Аталмыш басымдықтар мен бағдарламалардың негізінде ауданның даму алгоритмі жасалғанын жеткізді. Атакенттіктермен әлеуметтік желі арқылы жүздескен үміткерлер игі істердің бастамашысы болып келе жатқан «Nur Otan» партиясын қолдап, дауыс беруге шақырды.

#BizBirgemiz

#JeńimpazBol

0
0
174

«ЕСІКТЕН-ЕСІККЕ» АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА

Жаңа бастамаларымен бұқараның арасында беделі артып, жаңашылдығымен жұрттың көңілінен шығып жүрген «Nur Otan» партиясынан ұсынылған Мақтаарал аудандық мәслихатының депутаттығына үміткер Тұрғанай Кунбаева Бірлік ауылдық округінде «ЕСІКТЕН-ЕСІККЕ» акциясын өткізді.

Акция барысында кандидат тәуелсіз Қазақстанның кешегісі мен бүгіні жайлы сөз қозғап, болашақта атқарылатын істердің жоспарымен бөлісті. Халықтың жағдайын жақсартып қана қоймай, әлеуметтік тұрғыдан да дамытуды көздейтін партияның сайлауалды бағдарламасына тұрғындар тарапынан жоғары баға берілді.

Үміткер тұрғындарды 10 қаңтар күні өтетін сайлауда «Nur Otan» партиясын қолдап дауыс беруге шақырды.

#BizBirgemiz

#JeńimpazBol

0
0
143

ЖАСТАР – БОЛАШАҚТЫҢ ТІРЕГІ.«NUR OTAN»-ДЫҚТАР ЖАСТАРМЕН ЖҮЗДЕСТІ

ЖАСТАР – БОЛАШАҚТЫҢ ТІРЕГІ.

«NUR OTAN»-ДЫҚТАР ЖАСТАРМЕН ЖҮЗДЕСТІ

«Nur Otan» партиясы Мақтаарал аудандық сайлауалды штабының жүйелік кестесіне сәйкес бүгін аудандық мәслихаттың депутаттығына үміткер Тұрғанай Кунбаева мен Ақмарал Телходжаева, Жомарт Датқаев, аудандық сайлауалды штаб төрағасы Досым Асабаев пен штаб мүшесі Меруерт Даубаева Бірлік ауылдық округінің жастарымен кездесті.

Кандидаттар жастармен өткен жүздесу барысында партия бекіткен басымдықтар негізінде жасалған «Nur Otan» партиясы Мақтаарал аудандық филиалының өңірлік сайлауалды бағдарламасын түсіндірді. Бастамашыл, жаңашыл, білім мен ғылымға қаныққан ойы жүйрік, отаншыл азаматтармен қатарын толықтырып отыратын партия тарапынан жастарды қолдауға жасалып жатқан қамқорлықтар мен мемлекеттік бағдарламаларға тоқталған кандидаттар алдағы науқанда белсенділік танытып, «Nur Otan» партиясын қолдауға шақырды.

Сонымен қатар, кездесу барысында жастар тарапынан қолжетімді баспана, көпбалалы аналарға әлеуметтік жәрдемақы, кәсіпкерлік бастамаларға негізделген төмен пайызды несие алу жолдары жайлы сұрақтар қойылып, өтініштер айтылды. Кездесуде көтерілген мәселелер мен қойылған сұрақтарға қатысты жауаптар беріліп, құқықтық кеңестер көрсетілді.

0
0
169

#NUROTAN#JENIMPAZBOL

Қашанда халқымыз үшін ауыл – руханиятымыздың темірқазығы, ұлттық құндылықтарымыздың алтын бесігі, береке мен байлығымыздың бастауы екені даусыз.

Дәл қазіргі уақытта жүргізіліп жатқан сайлау науқанында көптеген шаралар мен акциялар, тұрғындармен бейресми кездесулер ұйымдастырылуда.  Мақсат – сайлаудың белсенді, әрі ашық өтуі үшін халықтың ақпараттық білімін арттыруға үлес қосу.

Бүгінгі үгіт-насихат жұмыстарын "ауыл-алтын тамыр"  деп "Иіржар" ауыл округіне қарасты, "Наурыз" елді мекенінде өткіздік. Үміткерлер Даубаева М, Колдасов Ж, Датқаев Ж тұрғындармен кездесіп сайлауалды бағдарламамен таныстырды.

Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!

Преодолев испытания, победим вместе!

0
0
149

«NUR OTAN» - НАҚТЫ ІСТЕРДІҢ ПАРТИЯСЫ ЕКЕНІН СӨЗБЕН ЕМЕС, ІСПЕН ДӘЛЕЛДЕДІ

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев үстіміздегі жылдың 25 қарашасында өткен партияның ХХ съезінде «Осы жылдар ішінде партия аянбай жұмыс істеді. Біз ұзақ жолды жүріп өттік. Сапарымыздың жетістігі болып саналады» деп ел тарихында партияның алар орны ерекше екенін атап өткен болатын. Ел тәуелсіздігіне келер жылы 30 жыл толғалы отыр. Сол ширек ғасырдан астам уақыт ішінде партия - Елбасымыздың саяси тірегі, ел тағдырымен байланысты игі істердің бастамашысы және оларды жүзеге асырудың қозғаушы күші болып келеді.

16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні қарсаңында партияның аудан көлемінде атқарылып жатқан жұмыстары туралы «Nur Otan» партиясы Түлкібас аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Еркебаев Қуатбек Сағымбекұлы сұхбаттасқан едік.

Қуатбек Сағымбекұлы, партияның ел қоғамында алатын орны ерек екенін айтып жүрміз. Өзіңіз қысқаша нақты сипаттап берсеңіз.

- «Nur Otan» халықтық партия. Бізге ел тағдыры үшін жауапкершілік жүктелген. Партия өзінің құрылған күнінен бастап 20 жылдан астам ішінде адамның, қоғамның және мемлекеттің дамуына жасалатын жағдайды жақсарту мақсатымен экономика мен саясатта ауқымды реформаларды тұрақты түрде жүзеге асырып келеді. Партияның негізін қалаушы, көшбасшысы Елбасының сарабдал саясатының арқасында мемлекетіміз орнықты даму үстінде.

Осы жылдар ішінде еліміз үшін ауқымды өзгерістер мен жетістіктер кезеңі болды. Мемлекетіміздің имиджін толығымен өзгерте алдық. Мемлекеттің әр жетістігінде біздің партияның да қосқан үлесі орасан. Партия доктаринасы оның ХХІ ғасырдағы миссиясын және «Қазақстан-2050» стратегиясын тиімді жүзеге асыруды қамтамасыз етудегі біздің орнымызды айқындайды.

- 2019 жылы 27 ақпанда партияның XVIII съезі өткен еді. Аталған съезде партияның «Бақуатты қоғам: онжылдықтың 10 мақсаты» атты 2030 жылға дейінгі жаңа бағдарламасы қабылданды. Аталған бағдарламаның орындалуы жайлы тоқталсаңыз.

- «Nur Otan» нақты істер партиясына айналды. Біз өзіміздің стратегиялық құжаттарда, соның ішінде Партияның 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасы мен Партияның 2016 жылғы «Қазақстан-2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» сайлауалды бағдарламасында алға қойылған барлық міндеттерді табыспен орындап келеміз. Партияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың 2015-2025 жылдарға арналған бағдарламасы қабылданды. Сол кезде «Қазақстан – 2030» стратегиясын қолдау үшін қоғамымыздың барлық сындарды күштерін біріктірген демократиялық күштердің жалпыұлттық коалициясы құрылды. Ал, алдағы онжылдық біз үшін Ел игілігіне арналған бұдан да белсенді жұмыс кезеңіне айналады. «Бақуатты қоғам: онжылдықтың 10 мақсаты» атты бағдарламасы Барша халық үшін бақуатты қоғам құруы, еліміздің әрбір тұрғынында жайлы өмір сүруі, өркендеуі әрі дамуы және өзін-өзі танытуы үшін барлық мүмкіндіктер болады.

1. Белсенді әлеуметтік саясатқа көшу;

2. Әр адамды қолжетімді болашақтың білімімен қамтамасыз ету;

3. Дені сау адамдардың мықты ұлтын қалыптастыру;

4. Жалпыға бірдей әл-ауқат мақсаттарында экономиканың өсуі;

5. Қоғамның әл-ауқатының негізі ретінде бизнесті қолдау;

6. Азаматтардың қолайлы өмір сүруі үшін жағдай жасау;

7. Азаматтардың мүддесінде мемлекеттің тиімділігін арттыру;

8. Жауапты азаматтардың үйлесімді қоғамын қалыптастыру;

9. Жастарды қолдау – үлкен мүмкіндіктер буыны;

10. «Nur Otan» партиясының ұзақ мерзімді саяси жетекшілігін қамтамсыз ету.

Партияның жетістігі, ол ел халқының жетістігі. Бастауыш партия ұйымдарымен жұмыс жандана түсуде. Партия Президенттің Қазақстан халқына жолдауының және елдің басқа да стратегиялық құжаттарының іске асырылуына тұрақты түрде мониторинг жасайды. Біздің партия елді жаңғыртудың басты қозғаушы күші ретінде қарастырылады. «Nur Otan» 2030 жылға дейінгі бағдарламасы шеңберінде Қазақстанның жаңа әлеуметтік бағытын тұтастай қарастыруды, Үкіметпен, әкімдермен және Қазақстан Парламенті Мәжілісіндегі фракциямен және барлық деңгейдегі мәслихаттармен бірлесе жүзеге асырады. Мемлекеттің дамыған елдер қатарына кіруі үшін реформалаудың сыннан өткен әрі тиімді тәсілі болып табылатын Бес институционалдық реформада негізделген бағытты жалғастырады. Тұтастай алғанда, бағдарлама Елбасының жене Мемлекет басшысының елімізді жан-жақты жаңғырту бағытын жалғастыруды және алға қойған мақсаттарға қол жеткізуді қамтамасыз етуі. Бағдарлама елдің үш іргелі құндылықтарына негізделеді. Тәуелсіздік. Қазақстанның барлық табыстары тап соның арқасында ғана мүмкін болды. Тәуелсіздік – бұл ел мен барлық азаматтың дамуы мен өркендеуінің негізі. Мемлекеттің берік іргетасын қалап, біз Тәуелсіздігімізді одан әрі нығайтатын боламыз. Мемлекеттің, қоғам мен азаматтардың бар күш-жігері осыған бағытталуға тиіс. Ел бірлігі – Қазақстанның табысты дамуының сенімді іргетасы. Ел азаматтарының бәрі Елбасы саясатының айналасында шоғырланып, барша азаматтарға ортақ құндылықтар мен қағидаттар жүйесін тануы – Қазақстанда үйлесімді этносаралық қатынастардың негізгі факторы болып табылады.

Онжылдыққа арналған басты мақсат – әрбір қазақстандықтың өмір сүру деңгейін сапалы түрде арттыру үшін елді жүйелі түрде жаңғырту. Партия бағдарламасы Елбасының жаңа әлеуметтік доктринасын іске асыруға бағытталған. Әр саладағы жұмыс нәтижелері ең алдымен қазақстандықтардың өмір сүру сапасын арттыруға және олардың мүдделерін іске асыруға бағытталуы керек. Сондықтан да біздің басты басымдығымыз инклюзивтілікті қамтамасыз ету болып табылады. Елдегі жетекші саяси күш ретінде «Nur Otan» партиясы, Елбасы айқындаған стратегия шеңберінде өзінің негізгі күш-жігерін алдағы онжылдықтың басты он мақсатына қол жеткізуге бағыттайды.

- XX съезд қарсаңында партияның Саяси кеңесінің отырысы өтті. Отырыста, партияның соңғы 5 жылдағы қызметінің қорытындылары қаралды. Жиында партия төрағасының бірінші орынбасары «Nur Otan»-ның бесжылдық жұмысын қорытындылай келе, 234 қоғамдық қабылдау бөлмесі сайлауалды бағдарламаны бақылау мен «кері байланыстың» пәрменді тетігі болғанын атап өтті. Осы орайда аудандық филиалда қандай жұмыстар атқаралып жатыр.

- «Nur Otan» партиясы Түлкібас аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесі ауданымызда тұратын тұрғындарымыз үшін есігі әрдайым ашық. Бүгінгі таңда партия жұмысын жүйелі жаңғырту, сондай-ақ, Жол¬дауда айтылған тапсырма¬лар¬ды жүзеге асыру бойынша «Nur Otan» пар¬тиясы Түлкібас аудандық филиалы бірқатар жұмысты қолға алып келеді. Елді мекен¬нің әртүрлі әлеуметтік мәселелері бо¬йынша туындап отырған жайт¬тар және оны шешу жолдары бойынша жұмыс атқарып келеміз. Бұл мәселелерді ше¬шу¬де облыстық, аудандық маслихат депутаттарының және бастауыш партия ұйымдарының үлесі зор. Сонымен қатар қазіргі таңда «жаңа» медиа саласында шындыққа жанаспайтын ақпарат таратушылар көбейіп кеткені бә¬рі¬мізге мәлім. Осы мәселе жө¬нін¬¬де Елбасы Саяси кеңестің кеңейтілген отырысында айтып, әлеуметтік же-лілерді және БАҚ құралдарын тиім¬ді пайдалануды тапсырған болатын.

Қоғамдық санада жалған түсінік қалыптасуда. «Nur Otan» өзінің ақпараттық стратегия¬сын түбегейлі қайта қарауы қажет. Партияның бұқаралық ақпарат құралдары объективті және жедел ақпарат көздеріне айналып, ха¬лық¬тың сеніміне ие болуы тиіс, – деген еді  Нұрсұлтан Назарбаев.

Осы орайда, аудандық филиал әлеуметтік желілерді және БАҚ құралдарын кеңінен пайдалану үшін жұмыс ат¬қа¬рып жатыр. Әр¬бір партия мүшесі партиядағы атқары¬лып жатқан жұмыстарды әлеу¬меттік желілерде барынша бөлісуде.

Партияның өткен жылғы саяси кеңесінде қабылданған «Сенім. Диолог. Болашаққа нық қадам - Nur Otan партиясының 7 серпіні» бағдарламасы аясында «Ардагерлерді ардақтайық», «Кедергісіз келешек», «Бақытты отбасы», «Құтты мекен», «Халыққа кө¬мек», «Заңгерлік көмек»  және  «Ауыл-Ел бесігі» жобалары бойынша ауданда біршама жұмыстар атқарылып келеді.

Түлкібас ауданы тұрғындарының  арыз-өтініштері бойынша аудандық партия филиалында сондай-ақ, барлық БПҰ-да «Халыққа көмек» бірыңғай әлеуметтік терезе» партиялық жобасы аясында «Заңгерлік көмек» бағыты бойынша  тұрғындарының құқықтық білім деңгейін арттыру және тұрмысы төмен азаматтарды әлеуметтік қолдау мақсатында заңгерлердің, адвокаттардың, медиаторлардың қоғамдық қабылдауын тұрақты түрде  өткізуде. Партия тарапынан көрсетіліп жатқан көмектер мен атқарылып жатқан жұмысқа аудан тұрғындары куә. «Nur Otan» партиясы Түлкібас аудандық филиалының ұйымдастыруымен 2020 жылдың 10 айында жалпы 4,577 мыңға жуық адамның қатысуымен 110 іс-шара өткізілген. Оның ішінде: Қоғамдық-саяси (пікір-сайыстар, дөңгелек үстел, семинарлар) 38 іс-шара; «Biz Birgemiz» республикалық акциясы шеңберінде 18 іс-шара; Партиялық жобалар шеңберінде – 21 іс-шара; Еңбек ұжымдарымен кездесулер -12 іс-шара; Партияішілік жұмыстар (Жиындар, конференциялар, Саяси кеңес пен Саяси кеңес бюросының, депутаттық фракция, партиялық бақылау комиссиясы мен Қоғамдық кеңестің отырыстары) -15 іс-шара өткізілді.

Мемлекеттік саясаттың басты басым¬дықтарының бірі – халық¬пен тиімді кері байланыс орнату, қоғаммен пікір алмасуды жолға қою. «Nur  Otan» партиясының төрағасы Н.Назарбаевтың қоғамдық қабылдау бөлмесінің басты бағыттарын жүзеге асыру мақсатында барлық мемле¬кет¬тік орган өкілдері мен депутаттар қабылдауларының жоспарлары бекітілді. Қазір халықпен кері тиім¬ді байланыс орнату үшін бүгін¬гі заман талабына сай барлық құрал¬дар, оның ішінде әлеуметтік желі¬лер, түрлі мессенджерлер тиімді болып отыр. Тұрғындар ша¬ғым¬дарын тек қана қабылдауға келіп қана емес, партияның парақ¬ша¬ларына хат жазу арқылы біл¬діре алады. Ашықтық, жария¬лы¬лық – біздің басты ұстанымымыз. Біз қоғамдық қабылдау өткізу арқылы азаматтардың жеке мәселелеріне ортақтасып қана қоймай оның шешілуіне оң ықпал етудеміз. Қарапайым адамдардың мемлекеттік және жекеменшік ұйымдарының басшыларына өтініштерін тікелей жеткізуіне мүмкіндігі бола бермейді. Ал қоғамдық қабылдау бөлмесі түрлі кедергілер мен тосқауылдарды айналып өтіп, нақты нәтижеге қол жеткізеді. Біз осыған дейін мемлекеттік және жергілікті атқарушы орган өкілдерінің қатысуымен аудандағы қала, кент және ауылдық округтерде бірнеше көшпелі қоғамдық қабылдаулар өткіздік. Көшпелі қоғамдық қабылдау партия үшін де, халық үшін де өте маңызды. Бүгінде барлық деңгейдегі мәсли¬хат депутаттарының, облыс, аудан әкімдері мен орынбасарлары¬ның, мемлекеттік орган, құқық қорғау органдары басшыларының 2111 қабылдауы өтті. Қарау нәтижелері бойынша 1309 оңтайлы шешіліп, 794 өтінішке заң аясында кеңестер беріліп, 8 өтініш бүгінде қаралу үстінде. «Nur Otan» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Б.Байбектің «Nur Otan» партиясы қоғамдық қабылдау бөлмелерінің жұмысының кейбір мәселелері туралы 13.03.2020 жылғы №020 бұйрығымен елімізде коронавирустың таралуының алдын алуға бағытталған шектеу шараларының енгізілуіне орай, партияның қоғамдық қабылдауларында азаматтарды қабылдау жұмысы онлайн-режимге ауыстырылды. Сол уақыттан бастап онлайн-режимде 1882 азамат өтініш білдірген. Барлығыда мәселесіне қарай шешімін табуда. Ол дегеніміз – халықтың партияға деген сенімінің күн санап артып келе жатқанының айғағы.

- 7777777777777777777777777, сұхбатымызды қорыта келе, алдағы саяси науқанға байланысты айтып өтсеңіз. 25 қараша күні «Nur Otan» партиясының кезектен тыс ХХ съезі өтті. Аталған жиында партияның жаңа 2025 жылға дейін «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа – лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын қабылдады. Съез жайлы өз ойыңыз.

-  Өзіңізге белгілі, ағымдағы жылдың 17 тамыз - 3 қазан күндері аралығында кезең-кезеңмен праймериз өткізілді. Біріншіден осы праймеризді айтып өтсем. Праймериз – бұл Тауелсіз еліміздің тарихында алғаш рет өткен партияішілік сайлау. Науқанның басты мақсаты – әділеттілікті басшылыққа ала отырып, шынайы таңдау жасау. Партияішілік сайлау шын мәнінде айтары бар, өмірге көзқарасы ашық, қоғамға өзгеріс енгізуге, ұстанымы берік азаматтар үшін – нақты әлеуметтік лифт екені айқын. Жаңа идеялар мен тың ұстанымдардың қоғам қазанында қайнаған мықтыларға ел игілігі үшін күш-қайратын сарп ететін әділетті мүмкіндік. Бұл – Елбасының бастамасымен қолға алынған «Сенім. Диалог. Болашаққа нық қадам» партия жұмысын «қайта жаңғырту» бағдарламасының қорытынды кезеңдерінің бірі. Біздің басты мақсатымыз – алдағы Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауына партиялық тізімдерге енгізу үшін қоғамның қолдауына ие болған беделді партия көшбасшыларын анықтау. 104 азамат үміткер ретінде праймеризге тіркеліп, іріктелді. Праймеризге қатысушыларды жастар, әйел азаматшалар, көп балалы аналар, бизнес өкілдері, жұмысшылар мен қызметкерлер құрады. Тұңғыш рет республикалық ауқымда праймериз нәтижесінде  әрбір өңір, қала және аудан бойынша 216 сайлауалды бағдарлама дайындалып, халық арасында жан-жақты талқыланып, ұсынылды. Саяси кеңес отырысының қорытындысы бойынша Үкіметтің сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі есебі алдын ала мақұлданып, партияның Жарғысы мен Саяси Доктринасына енгізілетін өзгерістер қаралды. Бюро мен Саяси кеңес отырыстарының нәтижесінде 126 кандидаттан құралған тізім «Nur Otan» партиясының ХХ съезіне ұсынылды. Ендігі кезекте ХХ съезде қабылданған партияның 2025 жылға дейін «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа – лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасы негізгі төрт басымдықпен  жаңа міндеттер жүктеп отыр.

1. Әр азаматқа өз әлеуетін жүзеге асыру үшін тең мүмкіндік беру;

2. Саламатты зияткер ұлт қалыптастыру;

3. Экономика мен өңірлердің орнықты дамуы;

4. Есеп беретін, «халық үніне құлақ асатын» мемлекет және жауапты азаматтар.

Партия тұтас ұлтты біріктіретін бастамаларды ұсынып отыр. Алдағы уақытта да солай болады. Nur Otan партиясы – ізгі ниетке негізделген нақты істер партиясы. елдің болашағы үшін зор жауапкершілік бізге жүктелген. Отанымыздың тағдыры партияның стратегиясын қолдайтын белсенді мүшелерінің, шынайы патриоттардың қолында.

Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы Мәжіліс және мәслихат депутаттарының сайлауымен басталмақ. Алдағы сайлау қоғамның біртұтастығын және береке-бірлігімізді бекемдей түседі деп сенемін. Еліміздің игілігі және мемлекетіміздің мүддесі жолында табысқа бірге жете берейік!

- Сізге көп рахмет!

Сұхбаттасқан: Нұркен НҰРҒАЗЫ

0
0
185