«ЕСІКТЕН-ЕСІККЕ» АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА
Жаңа бастамаларымен бұқараның арасында беделі артып, жаңашылдығымен жұрттың көңілінен шығып жүрген «Nur Otan» партиясынан ұсынылған Мақтаарал аудандық мәслихатының депутаттығына үміткер Тұрғанай Кунбаева Бірлік ауылдық округінде «ЕСІКТЕН-ЕСІККЕ» акциясын өткізді.
Акция барысында кандидат тәуелсіз Қазақстанның кешегісі мен бүгіні жайлы сөз қозғап, болашақта атқарылатын істердің жоспарымен бөлісті. Халықтың жағдайын жақсартып қана қоймай, әлеуметтік тұрғыдан да дамытуды көздейтін партияның сайлауалды бағдарламасына тұрғындар тарапынан жоғары баға берілді.
Үміткер тұрғындарды 10 қаңтар күні өтетін сайлауда «Nur Otan» партиясын қолдап дауыс беруге шақырды.
#BizBirgemiz
#JeńimpazBol
