КАНВАССИНГ - ШАРАСЫ ЖАЛҒАСУДА
Бөкей ордасы ауданында сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары аясында аудандық мәслихат депутатына үміткер Нургуль Серікқызы Зайнуллина Сайқын ауылы тұрғындарының үйіне барып, партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Бөкей ордасы ауданының экономикалық-әлеуметтік жағынан дамыту бағытындағы сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. «Nur Otan» партиясы еліміздің бүгінгі жеткен жетістіктерін жалғастыруға мүдделі саяси институт екені айтып, ауыл тұрғындарының талап-тілектерін тыңдады.
