Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ҮМІТКЕРЛЕР САЙЛАУШЫЛАРМЕН ОНЛАЙН ФОРМАТТА ЖҮЗДЕСТІ

Мақтаарал аудандық мәслихатының депутаттығына үміткер Тұрғанай Кунбаева мен Ақмарал Тельходжаева, Жомарт Датқаев пен Ержан Сыдықов, «Nur Otan» партиясы Мақтаарал аудандық сайлауалды штабының төрағасы Досым Асабаев пен штаб мүшесі Меруерт Даубаева бекітілген жүйелік кестеге сәйкес «Атакент» бастауыш партия ұйымының мүшелерімен және Атакент кентінің тұрғындарымен ZOOM платформалық жүйесі арқылы жүздесті.

Онлайн форматта өткен шарада үміткерлер үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасындағы 7 басымдығына тоқталды. Аталмыш басымдықтар мен бағдарламалардың негізінде ауданның даму алгоритмі жасалғанын жеткізді. Атакенттіктермен әлеуметтік желі арқылы жүздескен үміткерлер игі істердің бастамашысы болып келе жатқан «Nur Otan» партиясын қолдап, дауыс беруге шақырды.

#BizBirgemiz

#JeńimpazBol

0
0
132

Еще по теме

ҮМІТКЕРЛЕР САЙЛАУШЫЛАРМЕН ОНЛАЙН ФОРМАТТА ЖҮЗДЕСТІ - Yvision.kz