КАНВАССИНГ шарасы аясында
Бөкей ордасы ауданы, Ұялы ауылында КАНВАССИНГ шарасы аясында аудандық мәслихат депутатына үміткер Мұхамжарова Маншук Жүсіпқалиқызы ауыл тұрғындарының үйіне барып, кездесу өткізді. Кездесу барысында партияның аудандық сайлауалды бағдарламасының 7 басым бағытын түсіндіріп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар «Nur Otan» партиясы еліміздің бүгінгі жеткен жетістіктерін жалғастыруға мүдделі саяси институт екенін айтып, ауыл сайлаушыларының талап-тілектерін тыңдап, 10 қаңтарда өтетін сайлауға белсене қатысуға шақырды.
