КАНДИДАТТАР ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ!
«Nur Otan» партиясы Келес аудандық филиалының сайлауалды штабының қоғамдық қабылдау бөлмесінде аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Манахова Галия, Бектаев Эрнар және Әбдімәлік Мұхтар штабтың қоғамдық қабылдау секторының мүшесі Мамадияр Ибраевпен азаматтарға жеке қоғамдық қабылдау өткізді.
Қоғамдық қабылдауға келушілер негізінен тұрғын үйге жер беру, табиғи газ және таза ауызсу мәселелері бойынша жүгінді. Азаматтарға бірқатар мәселелер бойынша түсініктемелер беріліп, табиғи газ және ауызсу мәселелері бойынша партияның сайлауалды бағдарламасына енгізілгенін, алдағы уақытта шешімін табатынын жеткізді.
