МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Бүгін аудандық мәслихат депутаттығының үміткерлері Түлкібас аудандық орталық аурухананың акушер-гинеколог дәрігері - Күзембаева Ақсұлу Шаменқызы және дәрігер Бегимова Лаура орталық ауруханасының ұжымымен кездесіп, жиын өткізді. Бас дәрігер Турлыбеков Б.К. кездесуді ашып, "Nur Otan" партияның жетістіктерің айтып, қолдауға шақырды. Өз сөзінде үміткерлер ұжымының күнделікті өмір тіршілігі, көкейіндегі мазалаған сұрақтары, қазіргі әлемдегі пандемияға байланысты денсаулығын, амандығын ойлаған халқымызға кызмет көрсеткеніне улкен алғысын білдірді! Ой-толғанысы әрқашан қолайлы шешім табуға ізденіске жетелеу керек деді. Өткізілген кездесу мен сұхбатта ұжымсдастарының күнделікті мазалаған ойлары мен туындаған мәселелері бойынша ой бөлісті! Сонымен қатар 2021 жылдың 10 қаңтарында өтетін сайлауда дауыс беруге белсене қатысуға шақырды.
