КӘСІПОДАҚ КОМИТЕТІ МҮШЕЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Бүгін "Nur Otan" партиясының аудандық мәслихаттыққа үміткерлер Д.Абишев, Р.Шымырбаева, С.Кайшыбеков аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитеті мүшелерімен кездесу өткізіп, партияның Сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Өз сөзінде Даулен Мырзалыұлы кәсіподақ комитеті мүшелерінің білім саласында аянбай еңбек етіп жатқандықтарын айтты және білім саласына қатысты бірқатар мәселелерді айтып өтті. Өз кезегінде келесі үміткер Р.Шымырбаева сайлауалды бағдарламадағы туризм мен ауылшаруашылық, медицина саласын жүйелі түрде жолға қою көзделіп отыр. Оның ішінде ірі қара басын арттыру, ауылшаруашық өнімдерін ұлғайту, медицина саласы бойынша барлық ауылдық жерлердегі амбулаторияларда материалдық техникалық базаларын нығайту және көлікпен қамтамасыз ету мәселелері қаралды. Туризм саласы бойынша «Nur Otan» партиясы жылына 7 мыңдай туристі қамту үшін:
- Түлкібас-Жабағылы елді мекендері аралығында велоспортпен айналысатын веложол салуға;
- Иірсу шатқалынан көру алаңы құрылысының жобасын дайындап, құрылысын жүргізуге;
- Этнотуризмді дамыту бағытында Майлыкент ауылдық округіне қарасты Қарағашты ауылынан жылына 1000 туристке дейін қызмет көрсетуге мүмкіндік туғызатын «Etno Park Resort» құрылысын іске асыруға ықпал етеді.
Нәтижесінде 2025 жылға қарай өңірге келушілердің саны 1,5 есеге, оларды орналастыру орындарының саны 5,0%-ға, қызмет көрсету көлемі 9,0%-ға артатындығын атап көрсетті. Жиын соңында келесі үміткер С.Қайшыбеков жиналған қауымға 2021 жылдың 10 қаңтарында өтетін сайлауда "Nur Otan" партиясына дауыс беруге шақырды.
