ШАҚПАҚ БАБА АУЫЛЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІНІҢ ШЕШІМІ ТАБЫЛАТЫН БОЛАДЫ
Бүгін «Nur Otan» партиясының Түлкібас аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер - А.Меңлібеков, Ө.Маткеримов және облыстық мәслихат депутаттығына – А.Омаров Шақпақ баба ауылының өзекті мәселелерін талқылау мақсатында тұрғындарымен кездесу өткізді. Жиын барысында Түлкібас ауданы бойынша «Nur Otan» партиясының 5 жылға арналған Сайлауалды бағдарламасымен таныстырып өтті. Ондағы дамудың жеті басымдыққа жеке жеке тоқталып өтті. Облыстық мәслихат депутаттығына үміткер А.Омаров Шақпақ баба ауылында 300 га жерге алма көшеттерін егетінін және осы ауыл тұрғындарына жұмыс орны ашылатынын атап өтті.
«Nur Otan» партиясының кандидаттарымен кездесу барысында ауыл тұрғындары өзекті етіп көтерілген мәселе ауыз су мәселесі болатын. Өз кезегінде аудандық мәслихаттыққа үміткер А.Меңлібеков 2021 жылы ауыз су жүйесі қайта реконструкциядан өтетінін мәлімдеді. Реконструкцияға қаражат республикалық бюджеттен бөлінетінін және бұл қаржы бөлініп үлгерегендігін сөзге тиек етті.
Одан бөлек, ауыл тұрғындарынан көтерілген екінші мәселе интернет желісі туралы болатын. Өз сөзінде аудандық мәслихаттыққа үміткер Ө.Маткеримов 2021 жылы интернет тартылмаған РЗД 114 ауылына және Шақпақ баба ауылының Бағысбеков көшесінің бас жағы, Шүкіров көшесіне, Асанбеков көшесіне, Айманбетов көшесінің соңғы жағына орнатуына ықпал жасап «Қазақтелеком» АҚ компаниясымен сөйлесетінін мәлімдеді.
Кездесу соңында партия мүшелері Шақпақ ауылдық округінің тұрғындарына 2021 жылы 10 қаңтарда сайлау учаскесіне келіп «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.
