Перейти к содержимому

Новое

ЭКСПРОМТ - КЕЗДЕСУ.

«Nur Otan» партиясының Парламент Мәжілісінің депутаттығына үміткер Дархан Мыңбай Қамзабекұлы Қазығұрт ауылы орталығында орналасқан «Ешанқұл ата» базарында экспормт-кездесу өткізді.

Кездесуде, жеке кәсіпкерлерге партияның сайлауалды бағдарламасын насихаттады.

Коронавирустық пандемия жағдайында нарықты азық-түлік тауарларымен тұрақты түрде қамтамасыз ету мәселесі ерекше және өзекті болып отырғандығын, ауданның ішкі азық-түлік нарығының тұрақты және үздіксіз жұмыс істеуін сақтауға ғана емес, жаңа экспорттық тауарларды іздеуге де күш-жігер біріктіріліп, келісілген іс-қимыл жасалатын болатынын жеткізді.

Кездесу барысында, кәсіпкерлерді 10 қаңтарда өтетін сайлауда «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.

0
0
151

КАНВАССИНГ ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ.

«Nur Otan» партиясының Парламент Мәжілісінің депутаттығына үміткер Дархан Мыңбай Қамзабекұлы және Түркістан облыстық маслихаты мен Қазығұрт аудандық маслихатына үміткерлер Н.Аширов, С.Қыпшақбаев, Е.Исақұлов Қақпақ және Қазығұрт ауылдарында, канвассинг іс-шарасы өтті.

Үміткерлер, Т.Абдуллаев, Ш.Артықбаев, И.Телікбаев, ақсақалдардың үйін аралай жүріп, партияның сайлауалды бағдарламасын насихаттады. Дастархан үстінде ашық әңгіме құрып, қариялардың қазыналы сөздерінен құлағдар болды.

Ақсақал аталарымыздың ақ батасын алып, сайлауда «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.м

0
0
110

ҚАҚПАҚ АУЫЛЫНДАҒЫ САЙЛАУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ.

ҚАҚПАҚ АУЫЛЫНДАҒЫ САЙЛАУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ.

Қазығұрт ауданы орталығынан 25 шақырым қашықтықта орналасқан, Өзбекстан республикасымен шекаралас Қақпақ елді мекенінде сайлаушылармен ерекеше кездесу өтті. Қақпақ ауыл округінде 7000-нан астам тұрады. Ауыл негізінен ауылшаруашылық саласына бағдарланған.

Кездесуге «Nur Otan» партиясының Парламент Мәжілісінің депутаттығына үміткер Дархан Мыңбай Қамзабекұлы және Түркістан облыстық маслихаты мен Қазығұрт аудандық маслихатына үміткерлер Н.Аширов, С.Қыпшақбаев, Е.Исақұлов, А.Ақынғазиева, З.Досанбаева, Ғ.Сапаралиев қатысты.

Партия сайлауалды бағдарламасындағы даумдың жеті басымдықтарына тоқталған үміткерлер, ауыл шаруашылығы саласы туралы кеңінен тоқталып өтті.

Өңірде инвестицияларды тиімді салу, көрсетілген мемлекеттік қолдау шараларынан барынша пайда алу, халық тығыз орналасқан елді мекендердегі мал жайылымдар мәселесін оңтайлы шешу, аудан аумағында арнайы агроаймақ құру жұмыстары жалғастырылатынын, бұл үшін «Nur Otan» партиясы:

- «Асыл бастау. kz» ЖШС-нің майсыздандырылған құрғақ сүт және сары май өндіру өндірісін ашуға;

- «Сапа-2002» ЖШС-нің мал бордақылау кешенін 20 000 басқа ұлғайтуға;

- 5000 бастық бордақылау алаңын салуға (ЖК «Р.Мамбеталиева»);

- қолданыстағы қайта өңдеу объектілерінің шығарылатын өнімдерінің ассортиментін кеңейтуге ықпал ететінін;

- кәсіпкерлер мен фермерлерге инвестициялаудың мемлекеттік бағдарламаларына қатысуы үшін қолдау көрсететінін;

Нәтижесінде асыл тұқымды мал басының үлесі артып, мүйізді ірі қара мал саны 10,0%-ға, қой саны 15,0%-ға артады. Ауылшаруашылық өнімдерін өңдеу көлемі 2,5 млрд. теңгеге жеткізілетінін айтып өтті.

Кездесу соңында, үміткерлер, сайлаушылардың сұрақтарына жауап беріп, сайлаушыларды 2021 жылы 10 қаңтарда өтетін сайлауда «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.

"Nur Otan" партиясы Қазығұрт аудандық филиалының баспасөз қызметі

0
0
229

«ЕІСКТЕН ЕСІККЕ АКЦИЯСЫ» АЯСЫНДА ҚАРАБАУДА ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ.

«ЕІСКТЕН ЕСІККЕ АКЦИЯСЫ» АЯСЫНДА ҚАРАБАУДА ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Қазығұрт ауданы, Қарабау елді мекенінде сайлаушылардың үйлерін аралай жүріп, «Есіктен есікке акциясы аясында» партияның сайлауалды бағдарламасын насихаттау бойынша үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді.

Іс-шараға, «Nur Otan» партиясының Парламент Мәжілісінің депутаттығына үміткер Дархан Мыңбай Қамзабекұлы және Түркістан облыстық маслихаты мен Қазығұрт аудандық маслихатына үміткерлер Н.Аширов, С.Қыпшақбаев, Е.Исақұлов, Д.Абдрасилов, Қ.Қамбарбекова, А.Жаксыбаева, Ғ.Сапаралиев қатысты.

Үміткерлер, белсенді еріктілермен бірлесіп, партияның арнайы баспа материалдарын таратып, үгіт-насихат жүргізіп, сайлаушыларды 2021 жылы 10 қаңтарда өтетін сайлауда «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.

"Nur Otan" партиясы Қазығұрт аудандық филиалының баспасөз қызметі

0
0
134

ҮМІТКЕРЛЕР ҮЙЛЕРДІ АРАЛАДЫ.

Ауа райының тамаша болуы, үгіт-насихат жұмыстарының жоғары деңгейде жүргізілуіне ерекше әсер етті.

Партиялық тізімнен облыстық және аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Перналиев Асқар Жақыпбекұлы мен Аманқұлов Ерғали Әбдешұлы канвассинг іс-шарасы аясында, Қазығұр тауданының таулы аймағына кіретін Тұрбат ауылы, Қызылдихан елді мекенінде тұратын тұрғындардың тұрғын жайларына барып, партияның сайлауалды бағдарламасын насихаттады.

#NurOtan #JenimpazBol

"Nur Otan" партиясы Қазығұрт аудандық филиалының баспасөз қызметі

0
0
194

"САЙДАХМАТ АТА" ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫНДА ЭКСПРОМТ-КЕЗДЕСУ ӨТТІ.

«Nur Otan» партиясының Парламент Мәжілісінің депутаттығына үміткер Г.Мамытқызы және Түркістан облыстық маслихаты мен Қазығұрт аудандық маслихатына үміткерлер «Сайдахмат ата» шаруа қожалығының қызметкерлерімен кездесті.

Кездесу аясында партияының сайлауалды бағдарламасы кеңінен насихатталып, кездесуге қатысқан үміткерлер әр сала бойынша алдағы уақытта атқарылатын жұмыстармен таныстырды.

«Nur Otan» партиясының бағдарламасы белгіленген міндеттер  тікелей өңірімізді, ауданымызды дамытуға бағытталған.

Түркістан облысының Қазығұрт ауданын ауыл шаруашылығы өнімдерін негізгі жеткізушілердің бірі және агроөнеркәсіптік кешені саласындағы сауда орталығына айналдыру бойынша нақты шаралар ұсынылып отырғандығын және ауданның дамуы мен өркендеуі үшін барлық азаматтар мен қоғамдық бірлестіктермен пікір алмасып, қызмет атқаруға және ұзақ мерзімді ынтымақтастыққа дайын және ашық екендігі айтылды.

Қазіргі заманғы сын-қатерлер мен жаңа міндеттерді бірге жеңіп шығатынымызға сенімдіміз және «Nur Otan» партиясы, еліміздің жетекші саяси күші ретінде халқымыздың ынтымағы, еліміздің гүлденуі мен әрбір қазақстандықтың әл-ауқаты үшін жұмысын жалғастыратындығын, Партиямыздың міндеті – Қазығұрт ауданының әрбір тұрғынының сенімін ақтау екендігін айтып, ауданның әрбір тұрғыны қолайлы өмір сүруі, дамуы мен өзін іс жүзінде көрсетуі үшін барлық мүмкіндігі бар әл-ауқатты қоғамды бірге құруға шақырды.

Үміткерлре, кездесу соңында 10 қаңтар күні болатын сайлауға қатысуға және де «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.

«Nur Otan» партиясы Қазығұрт аудандық филиалының баспасөз қызметі.

0
0
153

САЙЛАУАЛДЫ ҮГІТ ТҰРБАТ АУЫЛЫНДА ЖАЛҒАСТЫ.

«Nur Otan» партиясынан Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаттығына үміткер Құрманбекова Гүлжан Мамытқызы, Түркістан облыстық және Қазығұрт аудандық мәслихаты депутаттығына үміткерлермен бірге, «Өзбек этномәдени қоғамдық бірлестігінің» 17 белсенді кеңес мүшелерімен кездесті.

«Өзбек этномәдени қоғамдық бірлестігінің» филиалы Қазығұрт ауданының Тұрбат ауылында орналасқан. 5000-нан астам өзбек ұлтының өкілдері тұратын Тұрбат ауылында, аталмыш бірлестік 1995 жылы құрылып, қазіргі күнге дейін жұмыс жасап келеді. Төрағасы, партия аудандық филиалы Саяси кеңесінің мүшесі, аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Сабитов Жавлон Бахадырұлы.

«Ысмайыл ата» мавзолейнің аумағында өткен кездесу барысында Мәжілісінің депутаттығына үміткер Г. Құрманбекова сөз бастап, «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Бағдарламаның 5-ші «Мәдениеті мен тарихы бай аудан» бағытына тоқталып, халықтың бірлігі мен қоғамдық келісім – Қазақстанның табысты дамуының сенімді іргетасы екендігін, «Nur Otan» партиясы біздің қоғамның бірегейлігін айқындайтын мәдени және рухани құндылықтарды сақтау мен арттыруды қолдап, біздің қоғамымыздың бірегейлігін айқындайтын мәдени және рухани құндылықтарды сақтауды және көбейтуді жақтайтынын, 2025 жылға дейін апаттық жағдайдағы мәдениет нысандары жойылып, жаңа нысандар бой көтеретінін айтып өтті.

Облыстық және аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер тарапынан да сайлауалды бағдарламаның бағыттары бойынша жоспарланған жұмыстар жөнінде қосымша айтылып, сайлаушыларды 2021 жылы 10 қаңтарда өтетін сайлауда, «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.

Өз кезегінде этномәдени бірлестіктің өкілдері де ойларын ортаға салып, қашанда ел тұрақтылығы мен ұлтаралық татулық жолында жұмыс жасап келе жатқан жетекші партия, «Nur Otan» партиясын қолдайтындықтарын жеткізді.

«Nur Otan» партиясы Қазығұрт аудандық филиалының баспасөз қызметі

0
0
175

ҮМІТКЕРЛЕР ШАЛҒАЙДАҒЫ АҒАЙЫНМЕН КЕЗДЕСТІ.

Аудан орталығынан 80 шақырымға жуық шалғайда орналасқан Амангелді елді мекеніндегі сайлаушылармен кезедсу өтті.

Кездесуге партиялық тізім бойынша аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Б.Смайлов, М.Тайсалов, Д.Кубеев, Ғ.Көпжасаров, Ғ.Сапаралиев қатысты.

Партияның сайлауалды бағдарламасы аясында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

Бағдарламаның екінші «Жайлы аудан» бағытына кеңінен тоқталып, «Nur Otan» партиясы аудан тұрғындарының өмір сүру сапасын жан-жақты арттыруды қолдап, осы бағытта «Ауыл – ел бесігі» және «Құтты мекен» жобаларын іске асыру жалғасатынын, нәтижесінде аудан тұрғындары таза ауыз суға, сапалы жолдарға, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым нысандарына қол жеткізетінін айтып өтті.

Газбен қамтамасыз етеміз ету бойынша да кеңінен тоқталып, газдандыру жобасына байланысты Қазығұрт ауданы бойынша 12283 тұрғын үй табиғи газды пайдаланып отырғандығын жеткізді.

Ауданды газбен қамтамасыз ету бойынша, жұмыстар жалғасын тауып, Бұл үшін «Nur Otan» партиясы:

- 2025 жылға дейін жергілікті бюджеттен 411,9 млн. теңге қаржы бөлініп, Қақпақ, Сырлысай, Заңғар, Талдыбұлақ, Майлыошақ, Бақабұлақ, Шанақ, Ақжар, Ескі Шанақ, Станция Шанақ, Ызабұлақ, Еңбекші, Амангелді және Қызылдала елді мекендеріндегі 16 мектепті газдандыруға ықпал ететіндігін, нәтижесінде газбен қамтамасыз етілген елді мекендер үлесін 95,3%-ға жеткізу жоспарланып отырғандығын айтып өтті.

Сонымен қатар, сайлаушылар тарапынан, Амангелді елді мекенінде кезек күттірмейтін ең өзекті 2 мәселе көтерілді.

600-дей адам тұратын елді мекендегі кезек күттірмейтін ауыз су мәселесін толығымен әрі жылдам түрде шешу және қыр мен төбені жағалап жүрген студент жастар мен ауыл тұрғындарына өте қажетті сервис, ұялы байланыс мәселесін шешу қажеттігі туралы мәселелер айтылды.

Үміткерлер, ұсыныс-тілектерді жинақтап аудандық штабқа жеткізіп, ары-қарай тиісті жұмыстарды атқарылатындығын түсіндірді.

«Nur Otan» партиясы Қазығұрт аудандық филиалының баспасөз қызметі.

0
0
156