ҚАҚПАҚ АУЫЛЫНДАҒЫ САЙЛАУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ.
ҚАҚПАҚ АУЫЛЫНДАҒЫ САЙЛАУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ.
Қазығұрт ауданы орталығынан 25 шақырым қашықтықта орналасқан, Өзбекстан республикасымен шекаралас Қақпақ елді мекенінде сайлаушылармен ерекеше кездесу өтті. Қақпақ ауыл округінде 7000-нан астам тұрады. Ауыл негізінен ауылшаруашылық саласына бағдарланған.
Кездесуге «Nur Otan» партиясының Парламент Мәжілісінің депутаттығына үміткер Дархан Мыңбай Қамзабекұлы және Түркістан облыстық маслихаты мен Қазығұрт аудандық маслихатына үміткерлер Н.Аширов, С.Қыпшақбаев, Е.Исақұлов, А.Ақынғазиева, З.Досанбаева, Ғ.Сапаралиев қатысты.
Партия сайлауалды бағдарламасындағы даумдың жеті басымдықтарына тоқталған үміткерлер, ауыл шаруашылығы саласы туралы кеңінен тоқталып өтті.
Өңірде инвестицияларды тиімді салу, көрсетілген мемлекеттік қолдау шараларынан барынша пайда алу, халық тығыз орналасқан елді мекендердегі мал жайылымдар мәселесін оңтайлы шешу, аудан аумағында арнайы агроаймақ құру жұмыстары жалғастырылатынын, бұл үшін «Nur Otan» партиясы:
- «Асыл бастау. kz» ЖШС-нің майсыздандырылған құрғақ сүт және сары май өндіру өндірісін ашуға;
- «Сапа-2002» ЖШС-нің мал бордақылау кешенін 20 000 басқа ұлғайтуға;
- 5000 бастық бордақылау алаңын салуға (ЖК «Р.Мамбеталиева»);
- қолданыстағы қайта өңдеу объектілерінің шығарылатын өнімдерінің ассортиментін кеңейтуге ықпал ететінін;
- кәсіпкерлер мен фермерлерге инвестициялаудың мемлекеттік бағдарламаларына қатысуы үшін қолдау көрсететінін;
Нәтижесінде асыл тұқымды мал басының үлесі артып, мүйізді ірі қара мал саны 10,0%-ға, қой саны 15,0%-ға артады. Ауылшаруашылық өнімдерін өңдеу көлемі 2,5 млрд. теңгеге жеткізілетінін айтып өтті.
Кездесу соңында, үміткерлер, сайлаушылардың сұрақтарына жауап беріп, сайлаушыларды 2021 жылы 10 қаңтарда өтетін сайлауда «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.
"Nur Otan" партиясы Қазығұрт аудандық филиалының баспасөз қызметі
