«ЕІСКТЕН ЕСІККЕ АКЦИЯСЫ» АЯСЫНДА ҚАРАБАУДА ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ.
«ЕІСКТЕН ЕСІККЕ АКЦИЯСЫ» АЯСЫНДА ҚАРАБАУДА ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
Қазығұрт ауданы, Қарабау елді мекенінде сайлаушылардың үйлерін аралай жүріп, «Есіктен есікке акциясы аясында» партияның сайлауалды бағдарламасын насихаттау бойынша үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді.
Іс-шараға, «Nur Otan» партиясының Парламент Мәжілісінің депутаттығына үміткер Дархан Мыңбай Қамзабекұлы және Түркістан облыстық маслихаты мен Қазығұрт аудандық маслихатына үміткерлер Н.Аширов, С.Қыпшақбаев, Е.Исақұлов, Д.Абдрасилов, Қ.Қамбарбекова, А.Жаксыбаева, Ғ.Сапаралиев қатысты.
Үміткерлер, белсенді еріктілермен бірлесіп, партияның арнайы баспа материалдарын таратып, үгіт-насихат жүргізіп, сайлаушыларды 2021 жылы 10 қаңтарда өтетін сайлауда «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.
"Nur Otan" партиясы Қазығұрт аудандық филиалының баспасөз қызметі
