Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

САЙЛАУАЛДЫ ҮГІТ ТҰРБАТ АУЫЛЫНДА ЖАЛҒАСТЫ.

«Nur Otan» партиясынан Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаттығына үміткер Құрманбекова Гүлжан Мамытқызы, Түркістан облыстық және Қазығұрт аудандық мәслихаты депутаттығына үміткерлермен бірге, «Өзбек этномәдени қоғамдық бірлестігінің» 17 белсенді кеңес мүшелерімен кездесті.

«Өзбек этномәдени қоғамдық бірлестігінің» филиалы Қазығұрт ауданының Тұрбат ауылында орналасқан. 5000-нан астам өзбек ұлтының өкілдері тұратын Тұрбат ауылында, аталмыш бірлестік 1995 жылы құрылып, қазіргі күнге дейін жұмыс жасап келеді. Төрағасы, партия аудандық филиалы Саяси кеңесінің мүшесі, аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Сабитов Жавлон Бахадырұлы.

«Ысмайыл ата» мавзолейнің аумағында өткен кездесу барысында Мәжілісінің депутаттығына үміткер Г. Құрманбекова сөз бастап, «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Бағдарламаның 5-ші «Мәдениеті мен тарихы бай аудан» бағытына тоқталып, халықтың бірлігі мен қоғамдық келісім – Қазақстанның табысты дамуының сенімді іргетасы екендігін, «Nur Otan» партиясы біздің қоғамның бірегейлігін айқындайтын мәдени және рухани құндылықтарды сақтау мен арттыруды қолдап, біздің қоғамымыздың бірегейлігін айқындайтын мәдени және рухани құндылықтарды сақтауды және көбейтуді жақтайтынын, 2025 жылға дейін апаттық жағдайдағы мәдениет нысандары жойылып, жаңа нысандар бой көтеретінін айтып өтті.

Облыстық және аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер тарапынан да сайлауалды бағдарламаның бағыттары бойынша жоспарланған жұмыстар жөнінде қосымша айтылып, сайлаушыларды 2021 жылы 10 қаңтарда өтетін сайлауда, «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.

Өз кезегінде этномәдени бірлестіктің өкілдері де ойларын ортаға салып, қашанда ел тұрақтылығы мен ұлтаралық татулық жолында жұмыс жасап келе жатқан жетекші партия, «Nur Otan» партиясын қолдайтындықтарын жеткізді.

«Nur Otan» партиясы Қазығұрт аудандық филиалының баспасөз қызметі

0
0
136

Еще по теме

САЙЛАУАЛДЫ ҮГІТ ТҰРБАТ АУЫЛЫНДА ЖАЛҒАСТЫ. - Yvision.kz