КАНВАССИНГ ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ.
«Nur Otan» партиясының Парламент Мәжілісінің депутаттығына үміткер Дархан Мыңбай Қамзабекұлы және Түркістан облыстық маслихаты мен Қазығұрт аудандық маслихатына үміткерлер Н.Аширов, С.Қыпшақбаев, Е.Исақұлов Қақпақ және Қазығұрт ауылдарында, канвассинг іс-шарасы өтті.
Үміткерлер, Т.Абдуллаев, Ш.Артықбаев, И.Телікбаев, ақсақалдардың үйін аралай жүріп, партияның сайлауалды бағдарламасын насихаттады. Дастархан үстінде ашық әңгіме құрып, қариялардың қазыналы сөздерінен құлағдар болды.
Ақсақал аталарымыздың ақ батасын алып, сайлауда «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.м
