Перейти к содержимому

Новое

ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНЕ ҮМІТКЕРОНЛАЙН БАЙЛАНЫСТА

«Nur Otan» партиясы атынан Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісіне үміткер жерлесіміз, әнші, әлемдік байқаулардың жеңімпазы Мөлдір Бақытжанқызы бүгін Шардараға сапары барысында «ЗУМ» платформасы  бойынша тұрғындармен онлайн кездесу өткізді. Кездесуде негізінен кәсіподақ саласының жұмыстары кеңінен әңгіме арқауына айналды. Тұрғындар өздерін толғандырып жүрген сауалдарға жауап алып, үміткерге сәттілік тіледі.

Осындай кездесулер барысында партияның бағдарламасы мен мақсат-міндеттерін талдап түсіндіріп өткен үміткер оларды ертеңгі күні сайлауда «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.

«Nur Otan» партиясы Шардара аудандық филиалының баспасөз қызметі.

0
0
122

ТӨЛЕ БИ ТУРИЗМ ОРТАЛЫҒЫНА АЙНАЛАДЫЖӘНЕ 100 ПАЙЫЗ ГАЗБЕН, АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛАДЫ

Түркістан облысы Төлеби ауданы бойынша «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасына сәйкес, алдағы 5 жылда 100 пайыз көгілдір отынмен және орталықтандырылған сапалы ауыз сумен қамтылатын болады. Қазіргі таңда, газбен қамтылу деңгейі 83,7 пайыз, ауыз су көрсеткішісі 96 пайызға жетіп отыр. Бұл туралы бүгін сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарымен Төлеби ауданына барған облыстық сайлауалды штаб басшысы, облыстық маслихатының депутаттығына үміткер Бейсен Тәжібаев мәлімдеді.

Алдымен Төлеби аудандық сайлауалды штабының жұмыс барысымен танысып шыққан ол «KAZPLAST» ЖШС-не аялдады. Онда аталған мекеменің жұмысшыларына халықтық партияның бүгінге дейін атқарған және алдағы 5 жылда істейтін жұмыс жоспарымен таныстырды.

«Nur Otan» партиясы елдің мүддесіне жұмыс істеп, халықтың жағында бола білетін саяси ұйым. Бұл сөзіме осы Төлеби және Мақтаарал ауданында орын алған су тасқыны кезінде, сондай-ақ ел ішінде індет жайлағанда халыққа алғашқылардың бірі болып көмектесуге келгенін дәлел ретінде айтуға болады. Халықтың алғысына бөленген партия алдағы уақытта да осы бағытынан таймақ емес. Партия Төлеби ауданын барлық сала бойынша дамытудың 7 басым бағытын айқындап отыр. Осы жоспарлар жүзеге асса халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқаты әлдеқайда жақсара түсетіні анық. Сондықтан баршаңызды дұрыс таңдау жасап, «Nur Otan»-ға дауыс беруге шақырамын», – деді Б.Дәулетұлы.

Айта кетейік, Леңгір қаласында орналасқан серіктестік арнайы-жұмыс киімдерін тігумен айналысады. Онда 140 адам тәулігіне 200 дана киім дайындап шығарады. Алдағы жұмыс жоспарына қаныққан жұмысшылар  «Nur Otan» партиясына дауыс беретіндіктерін жеткізді.

Сондай-ақ облыстық сайлауалды штаб басшысы «Төлеби ауданының құрметті азаматы», зейнеткер Әбіш Көлбаевтың шаңырағында болды. Жастайынан өз өмірін шәкірт тәрбиелеуге арнаған ұлағатты ұстазбен өткен кездесуде партияның жаңаша көзқарастары мен заманауи жұмыс істеу тәсілдері кеңінен сөз болды. Ә.Көлбаев қашанда елдің қуанышы мен мұңына ортақтаса білетін нұротандықтарға деген өзінің жылы лебізін білдірді. Сондай-ақ, «Nur Otan» партиясының елдің жан-жақты дамуына қосып жүрген үлесін түрлі орталарда айтып жүретінін де жасырмады.

Б.Тәжібаев өзінің аудандағы сайлауалды үгіт-насихаттық жұмысын «Балмұздақ» ЖШС-де түйіндеді. Ол кездесуде серіктестік қызметкерлерінің пікірлерін тыңдап, өтініш тілектеріне құлақ асты. Сондай-ақ, ауданда сайлауалды бағдарламаға енбей қалған басқа да мәселелер болса, «Nur Otan» партиясының жұмыс жоспарына енгізуге атсалысатынын айтты.

«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНА ДАУЫС БЕРІҢІЗ!!!

«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

#NurOtan #BizBirgemiz #МыВместе #JeńimpazBol

0
0
174

«NUR OTAN»: ТОЛЕБИЙСКИЙ РАЙОН НА 100 ПРОЦЕНТОВ БУДЕТ ОБЕСПЕЧЕН ГАЗОМ И ПИТЬЕВОЙ ВОДОЙ

Согласно предвыборной программе партии  «Nur Otan» по Туркестанской области, в ближайшие 5 лет  Толебийский район на 100 процентов будет обеспечен газом и централизованным водоснабжением. На сегодня уровень обеспеченности газом составляет  83,7 процента, питьевой водой -  96 процентов. Об этом сообщил руководитель Туркестанского областного предвыборного штаба , кандидат в депутаты областного маслихата Бейсен Тажибаев, прибывший сегодня для проведения агитационной работы в Толебийский район.

В первую очередь Б. Даулетулы ознакомился с работой Толебийского районного предвыборного штаба, затем посетил ТОО «KAZPLAST». Здесь  проинформировал работников о работе, проведенной партией, и задачах, которые предстоит решить в ближайшие 5 лет.

«Партия «Nur Otan» работает на благо страны, это политическая организация, которая всегда с народом. В подтверждение моих слов можно привести тот факт, что при наводнениях в Толебийском и Мактааральском районах, партийцы одними из первых откликнулись на беду. Партия, оправдывающая доверие народа, намерена и дальше заслуживать авторитет.  Партия определила 7 приоритетов  развития Толебийского района. Если эти планы будут осуществлены, заметно улучшится качество жизни населения, благосостояние людей. Поэтому призываю вас сделать правильный выбор и отдать свои голоса за партию   «Nur Otan», – сказал Б.Даулетулы.

Нужно отметить, товарищество, расположенное в городе Ленгере, занимается пошивом спецодежды. Здесь в сутки 140 человек шьют 200 комплектов одежды. Работники поддержали инициативы партии и обещали поддержать ее на предстоящих выборах.

Руководитель областного предвыборного штаба побывал в гостях у Почетного гражданина Толебийского района, пенсионера Абиша Кольбаева.  Всю свою жизнь он посвятил учительскому труду. В ходе разговора обсуждались современные методы работы партии, новые идеи. А. Кольбаев выразил теплые пожелания нуротановцам, которые разделяют с народом и радость, и горе. Он отметил, что в разных аудиториях часто рассказывает о вкладе партии  «Nur Otan» в развитие страны.

Завершающим пунктом агитационной поездки Б. Тажибаева по району стало ТОО «Балмұздақ».  Кандидат выслушал мнение и предложения работников. Он подчеркнул, что, если какие-то проблемы не вошли в районную предвыборную программу, то они будут включены в рабочий план партии  «Nur Otan».

Голосуйте за партию «NUR OTAN»!!!

Пресс-служба Туркестанского областного филиала партии «Nur Otan»

0
0
130

ТҮРКІСТАН: НҰРТОТАНДЫҚ ҮМІТКЕРЛЕР ДҮКЕН АРАЛАП, БАҒДАРЛАМАНЫ ТҮСІНДІРДІ

Биылғы сйалау науқанында «Nur Otan» партиясы үміткерлерінің қарқыны өте қатты. Алдымен праймеризден өтіп, одан кейін Қазақстанның барлық дерлік елді мекендерін аралап, халықпен кездесіп жүр. Олардың ұсыныс, тілектерін тыңдап, сайлауалды бағдарламаны түсіндірген нұротандық үміткерлер демалыс күндері де аттан түскен жоқ.

"Nur Otan” партиясының атынан Түркістан облыстық маслихат депутаттығына үміткер Мағауиа Тұрысбеков Созақ ауданы, Шолаққорғн  ауылында орналасқан “Арай» сауда орталығына ойламаған жерден кіріп келіп,  сатушылармен және сауда жасап жүрген тұтынушылармен   экспромпт-кездесу өткізді.

Депутатқа ауылдастарының айтары да бар екен. Біраз мәселелер туралы ой қозғап, сұрақ қойды. Тұрғындарды мұқият тыңдаған Мағауиа Тұрысбеков оларға «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын таныстырды.

«Елбасы партияны қайта жаңғырту міндетін жүктеді. Біз халықпен кездесуге, олардың өтініштерін тыңдауға әрқашан дайынбыз. «Nur Otan» партиясы еліміздегі барлық аудан, қалалар бойынша жалпы 216 сайлауалды бағдарламасын әзірледі. Онда сол өңірлердегі ең өзекті мәселелер қамтылған. Түркістан облысы бойынша да зерттелген, халыққа пайдалы жоспарлар бар», – деді үміткер.

Тұрғындар жетекші партияның елмен тығыз байланыс орнатудағы қадамдарын оң бағалап, тілектес екендерін жеткізді. Ал сіз жеңімпаздар қатарында болғыңыз келе ме? Ендеше, «Nur Otan» партиясына дауыс беріңіз!

«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

0
0
134

#NurOtangaДауысБер#NurOtan#JasOtan#BizBirgemiz#Jenimpazbol

Соңғы жылдары Мақтааралдық шаруалар қырыққабат өнімін өсіруге бейімделді. Ауданымызда жыл сайын 1000 гектардан астам егістік жерге көкөністің осы түрі егіледі екен. Шаруаларымыз дайын өнімді Ресей, Беларусь елдеріне экспорттауға да дағдыланып алған.

Егер, қаңтардың қақ ортасында еліміздің орталық, солтүстік өңірлерінде қалың аяз қаптап жатса, біздің Мақтаарал ауданында қырыққабат егу науқаны басталады. Осылайша наурыздың соңы мен сәуірдің басында өнім пісіп, шаруаларымыз пайдаға кенеле бастайды. Қырыққабаттың соңынан мақта немесе бақша дақылдарын егіп, жылына 2-3 өнім алатын шаруаларымыз да бар.

«Nur Otan» партиясының атынан Түркістан облысының мәслихат депутаттығына үміткер ретінде үгіт-насихат жұмыстарын белсенді түрде жалғастырудамын. Кеше ауданымыздағы «Алиев» шаруа қожалығында болып, жылыжайда қырыққабат көшетін дайындаудың куәсі болдым. Қожалық басшысы Физули Алиев партиямызды әрқашан қолдайтынын айтып, ағынан жарылды. Партиямыздың ауылшаруашылығын қолдауға арналған арнайы бағдарламасымен таныстырып өтіп, партиямыздың үнпарақшаларын ұсындым.

0
0
103

ТҮРКІСТАН–МАҚТААРАЛ: АУДАНДА ҰЛТТЫҚ СПОРТ ТҮРЛЕРІ ДАМИТЫН БОЛАДЫ

«Nur Otan» партиясы Мақтаарал аудандық сайлауалды штабының жүйелік кестесіне сәйкес аудандық мәслихат депутаттынына үміткер Мұхтар Әжіқабылов пен Сүндет Кенжебаев, аудандық штаб төрағасы Досым Асабаев бүгін Иіржар ауылдық округінің көкпаршыларымен кездесті. Кездесу барысында кандидаттар партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндіріп, ондағы 7 басымдыққа тоқталды. Шабандоздармен тілдесіп, ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Сұрақтарына жауап берді.

Шабандоздар тарапынан айтылған ұсыныс – сонау ықлым заманнан бері қазақтың қанына сіңіп, дәстүрімен біте қайнасып келе жатқан, заман талабына сай түрленіп, толыса түскен ұлттық ат спортын дамыту, жас ұрпақтың арасында кеңінен насихаттау мәселелері болды. Өскелең ұрпақтың арасында тақымы мықты, білекті де жүректі жігіттерді тәрбиелеу керектігі айтылды.

Шабандоздар мен атбегілердің ұсыныстарын тыңдаған үміткерлер айтылған мәселелер партияның сайлауалды бағдарламасында қаралғандығын жеткізді. Бағдарлама аясында алдағы 5 жылда «Бақытты отбасы» партиялық жобасын жүзеге асыра отырып, отбасы рөлін арттыруға және отбасылық құндылықтарды нығайтуға ықпал ететін түрлі акциялар, спорттық іс-шаралар өткізуді, сонымен қатар, ауданының тумалары мен мұраларын танымал ету жөніндегі жобаларды іске асыруды,  ұлттық бірегейлікті қалыптастыру, ұлттың мәдени кодын сақтау, оның ішінде тақырыптық іс-шараларды кең ауқымда өткізуді жоспарлап отыр. Бұл шаралардың қатарында көкпар, аударыспақ, теңге ілу және қыз қуу сынды ұлттық спорттық ойындардың да бар екенін айтқан үміткерлер 10 қаңтарда өтетін Парламент Мәжілісі мен жергілікті мәслихат депутаттарының сайлауында «Nur Otan» партиясына қолдау білдіруге шақырды. Шабандоздар қолдау көрсететіндігін айтып, аттылар шеруін өткізді.

#NurOtanғаДауысБер

#BizBirgemiz

#JeńimpazBol

#Nur_Otan_Turkistan

#NurOtanMaktaaral

#Saylau2021

0
0
310

ОНЛАЙН-КЕЗДЕСУ

Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы: «Білімді болуға оқу керек. Бай болуға кәсіп керек. Күшті болуға бірлік керек. Осы керектердің жолында жұмыс істеу керек» дейді.

Бүгінгі заман талабы  терең білімді, еңбекті және әділдік, адалдық, тиянақтылық пен жауапкершілікті сезіне білуді талап етеді.

Біз сонда ғана бәсекеге қабілетті мемлекет, зияткер ұлт қалыптастыра аламыз.

Біз – жас ұлтпыз. Еліміздің әрбір екінші тұрғыны 30 жасқа толмаған. Жастардың өз қабілетін жүзеге асыруына, еліміздің қоғамдық-саяси өміріне араласуына, білім алуына және еңбек етуіне мүмкіндігі болуы тиіс.

Мақтаарал ауданының жастарымен онлайн кездесу ұйымдастырып, жұмыссыздықтың алдын алу бойынша  сұхбат жүргіздік. Жастар өздерінің  ой-пікірлерімен алмасып ұсыныстарын білдірді.

Кездесу соңында  10-қаңтарда өтетін сайлау науқанына қатысуға шақырдық!

0
0
244

ҰЛТТЫҚ ҚОЛӨНЕР БАБАЛАРДАН ҚАЛҒАН МӘДЕНИ МҰРА

Қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық мұрасының рухани да материалдық қазынасының қомақты бөлігі ұлттық қолөнер болып табылады осы тұрғыда ұлттық қолөнерді жас ұрпақ арасында дәріптеп қарастыру өте қажет-ақ.

Халық қолөнерінің түп тамыры халықтың өмір сүру салтымен, шаруашылық дәстүрімен тығыз байланысты. Ғасырлар бойы уақыт елегінен өтіп ұрпақтан-ұрпаққа жеткен ұлттық қолөнер бабалардан қалған мәдени мұрамыздың ең асыл құнды қазынасының бірі. Ол жаңа заман талаптарымен үндесе тарап ақыл-ойды асқарға, қиялды қиялға жетелейтін киелі мұра.

Әрбір азаматтың өзінің еңбек ету құқығын іске асыруға және лайықты төлем алуға мүмкіндігі болуы тиіс. Партияның алдағы 5 жылдағы негізгі міндеті – халықтың жұмыспен қамтылуы мен табысын сақтау және ұлғайту.

Ол үшін жұмыспен қамтудың және қоғамның әлеуметтік тұрақтылығының негізі болатын бизнеске жан-жақты қолдау көрсетілетін болады.

Жүйрік ат, алтын жалатылған ер-тұрман, сұлу жар – ер-азаматтың ажары. Әсіресе мінген аты мен ер-тұрманына ер адам үлкен мән берген, ауыл-аймақ оны соған қарап бағалаған. Әбзел жасайтын, ер қосатын шеберлер мен өрімшілерді халықта құрметтеп, олардың еңбегіне көп мал төлеген, мысалы, күмістелген бір ер-тоқымға бір ат төлеген деседі.

«Nur otan» партиясының атынан облыстық мәслихатқа ұсынылған кандидат ретінде, Мақтаарал ауданы Атакент кентінде орналасқан, Ат әбзел жасайтын шебердің  шеберханасында болып   «Nur Otan»  партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты бағдарламасын кеңінен түсіндіріп, Шебер өзінің осы кәсібін кеңейту және шәкірттер даярлау Мемлекет тарапынан қолдау болса деген ұсынысын білдірді. Біз өз тарапымыздан  алдағы 10-қаңтарда өтетін сайлауға қатысуға  шақырдық.

0
0
240

ТҮРКІСТАН–МАҚТААРАЛ: ҮМІТКЕРЛЕР ТЕЛЕКОММУНИКАЦИЯ САЛАСЫ МАМАНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

«Nur Otan» партиясы Мақтаарал аудандық сайлауалды штабының бекіткен жүйелік кестесіне сәйкес аудандық мәслихаттың депутаттығына үміткер Әділ Жұмаділлаев пен Жасұлан Қолдасов Атакент кентінде «Қазақтелеком» АҚ Мақтаарал аудандық филиалының ұжымымен кездесті.

Бүгінде байланыс құралдарының соңғы үлшідегі технологиялық үлгілерін іске қосып, байланыс жүйесінде сандық телефон станциялары, ұялы телефон, арнайы карточка көмегімен байланысқа шығуға мүмкіндік беретін таксофондар, Жердің жасанды серіктері арқылы байланысу технологияларын қолданысқа енгізген «Қазақтелеком» мамандарына партияның сайлауалды бағдарламасын, ондағы 7 басымдықты түсіндірді. 1994 жылдан бері «Nur Otan» партиясының төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың тікелей тапсырмасымен әлемдік интернет жүйесіне тұрақты қосылған еліміздегі аталмыш сала мамандарына үлкен жауапкершілік жүктелгенін айтқан кандидаттар 2021 жылдың 10 қаңтарында өтетін сайлауда «Nur Otan» партиясын қолдап дауыс беруге шақырды.

#NurOtanғаДауысБер

#BizBirgemiz

#JeńimpazBol

#Nur_Otan_Turkistan

#NurOtanMaktaaral

#Saylau2021

0
0
159

ТҮРКІСТАН–МАҚТААРАЛ: ҮМІТКЕРЛЕР ҮМІТТЕРДІ АҚТАУҒА АТСАЛЫСАДЫ

10 қаңтар күні өтетін Парламент Мәжілісі мен жергілікті мәслихат депутаттарының сайлауына қатысушылардың қатарында Мақтаарал аудандық мәслихатының депутаттығына үміткер Ералы Жұмаділов, Ержан Сыдықов пен Қалмырза Бейсенбаев бүгін А.Қалыбеков ауылдық округіне қарасты Абат елді мекенінде болды.

«Nur Otan» партиясы Мақтаарал аудандық сайлауалды штабының жүйелік кестесіне сәйкес «ЕСІКТЕН-ЕСІККЕ» акциясы аясында үміткерлер ауыл биі Батыр Смаиловтың үйінде болды. Алдымен партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, ауданаумағында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Еңбек ардагерінің ұсынысы мен пікірін тыңдады. Ақсақалдың айтары ауылдың жағдайына қатысты ішкі жолдардың жаңаруы мен бүлдіршіндердің балабақшамен қамтылуы болды.

Айтылған өтінішьерге қатысты аудан, облыс көлемінде атқарылған жұмыстардың барысына тоқталып, алдағы жоспарлармен бөлісті. Партияның сайлауалды бағдарламасына сәйкес ауданда 2025 жылға жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы автомобиль жолдарының көрсеткіші 100%-ға жетіп, аудан орталығы мен елді мекендер арасында жолаушыларды тасымалдаушы шығын автобустар жүргізілетін болады.

Сонымен қатар, алдағы 5 жылда партия 1 жас пен 6 жас аралығындағы балалар мектепке дейінгі тәрбие және оқытумен толық қамтамасыз етіліп, жоғары және бірінші санатты педагог кадрлардың үлесін арттыруға ықпал ететін болады.

Кездесу соңында үміткерлер 10 қаңтарда өтетін сайлауда партияға қолдау білдііп, дауыс беруге  шақырды.

#NurOtanғаДауысБер

#BizBirgemiz

#JeńimpazBol

#Nur_Otan_Turkistan

#NurOtanMaktaaral

#Saylau2021

0
0
293