Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ҰЛТТЫҚ ҚОЛӨНЕР БАБАЛАРДАН ҚАЛҒАН МӘДЕНИ МҰРА

Қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық мұрасының рухани да материалдық қазынасының қомақты бөлігі ұлттық қолөнер болып табылады осы тұрғыда ұлттық қолөнерді жас ұрпақ арасында дәріптеп қарастыру өте қажет-ақ.

Халық қолөнерінің түп тамыры халықтың өмір сүру салтымен, шаруашылық дәстүрімен тығыз байланысты. Ғасырлар бойы уақыт елегінен өтіп ұрпақтан-ұрпаққа жеткен ұлттық қолөнер бабалардан қалған мәдени мұрамыздың ең асыл құнды қазынасының бірі. Ол жаңа заман талаптарымен үндесе тарап ақыл-ойды асқарға, қиялды қиялға жетелейтін киелі мұра.

Әрбір азаматтың өзінің еңбек ету құқығын іске асыруға және лайықты төлем алуға мүмкіндігі болуы тиіс. Партияның алдағы 5 жылдағы негізгі міндеті – халықтың жұмыспен қамтылуы мен табысын сақтау және ұлғайту.

Ол үшін жұмыспен қамтудың және қоғамның әлеуметтік тұрақтылығының негізі болатын бизнеске жан-жақты қолдау көрсетілетін болады.

Жүйрік ат, алтын жалатылған ер-тұрман, сұлу жар – ер-азаматтың ажары. Әсіресе мінген аты мен ер-тұрманына ер адам үлкен мән берген, ауыл-аймақ оны соған қарап бағалаған. Әбзел жасайтын, ер қосатын шеберлер мен өрімшілерді халықта құрметтеп, олардың еңбегіне көп мал төлеген, мысалы, күмістелген бір ер-тоқымға бір ат төлеген деседі.

«Nur otan» партиясының атынан облыстық мәслихатқа ұсынылған кандидат ретінде, Мақтаарал ауданы Атакент кентінде орналасқан, Ат әбзел жасайтын шебердің шеберханасында болып «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты бағдарламасын кеңінен түсіндіріп, Шебер өзінің осы кәсібін кеңейту және шәкірттер даярлау Мемлекет тарапынан қолдау болса деген ұсынысын білдірді. Біз өз тарапымыздан алдағы 10-қаңтарда өтетін сайлауға қатысуға шақырдық.

0
0
206

Еще по теме

ҰЛТТЫҚ ҚОЛӨНЕР БАБАЛАРДАН ҚАЛҒАН МӘДЕНИ МҰРА - Yvision.kz