ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНЕ ҮМІТКЕРОНЛАЙН БАЙЛАНЫСТА
«Nur Otan» партиясы атынан Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісіне үміткер жерлесіміз, әнші, әлемдік байқаулардың жеңімпазы Мөлдір Бақытжанқызы бүгін Шардараға сапары барысында «ЗУМ» платформасы бойынша тұрғындармен онлайн кездесу өткізді. Кездесуде негізінен кәсіподақ саласының жұмыстары кеңінен әңгіме арқауына айналды. Тұрғындар өздерін толғандырып жүрген сауалдарға жауап алып, үміткерге сәттілік тіледі.
Осындай кездесулер барысында партияның бағдарламасы мен мақсат-міндеттерін талдап түсіндіріп өткен үміткер оларды ертеңгі күні сайлауда «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.
«Nur Otan» партиясы Шардара аудандық филиалының баспасөз қызметі.
