Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

#NurOtangaДауысБер#NurOtan#JasOtan#BizBirgemiz#Jenimpazbol

Соңғы жылдары Мақтааралдық шаруалар қырыққабат өнімін өсіруге бейімделді. Ауданымызда жыл сайын 1000 гектардан астам егістік жерге көкөністің осы түрі егіледі екен. Шаруаларымыз дайын өнімді Ресей, Беларусь елдеріне экспорттауға да дағдыланып алған.

Егер, қаңтардың қақ ортасында еліміздің орталық, солтүстік өңірлерінде қалың аяз қаптап жатса, біздің Мақтаарал ауданында қырыққабат егу науқаны басталады. Осылайша наурыздың соңы мен сәуірдің басында өнім пісіп, шаруаларымыз пайдаға кенеле бастайды. Қырыққабаттың соңынан мақта немесе бақша дақылдарын егіп, жылына 2-3 өнім алатын шаруаларымыз да бар.

«Nur Otan» партиясының атынан Түркістан облысының мәслихат депутаттығына үміткер ретінде үгіт-насихат жұмыстарын белсенді түрде жалғастырудамын. Кеше ауданымыздағы «Алиев» шаруа қожалығында болып, жылыжайда қырыққабат көшетін дайындаудың куәсі болдым. Қожалық басшысы Физули Алиев партиямызды әрқашан қолдайтынын айтып, ағынан жарылды. Партиямыздың ауылшаруашылығын қолдауға арналған арнайы бағдарламасымен таныстырып өтіп, партиямыздың үнпарақшаларын ұсындым.

Еще по теме

#NurOtangaДауысБер#NurOtan#JasOtan#BizBirgemiz#Jenimpazbol - Yvision.kz