ТҮРКІСТАН–МАҚТААРАЛ: ҮМІТКЕРЛЕР ҮМІТТЕРДІ АҚТАУҒА АТСАЛЫСАДЫ
10 қаңтар күні өтетін Парламент Мәжілісі мен жергілікті мәслихат депутаттарының сайлауына қатысушылардың қатарында Мақтаарал аудандық мәслихатының депутаттығына үміткер Ералы Жұмаділов, Ержан Сыдықов пен Қалмырза Бейсенбаев бүгін А.Қалыбеков ауылдық округіне қарасты Абат елді мекенінде болды.
«Nur Otan» партиясы Мақтаарал аудандық сайлауалды штабының жүйелік кестесіне сәйкес «ЕСІКТЕН-ЕСІККЕ» акциясы аясында үміткерлер ауыл биі Батыр Смаиловтың үйінде болды. Алдымен партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, ауданаумағында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Еңбек ардагерінің ұсынысы мен пікірін тыңдады. Ақсақалдың айтары ауылдың жағдайына қатысты ішкі жолдардың жаңаруы мен бүлдіршіндердің балабақшамен қамтылуы болды.
Айтылған өтінішьерге қатысты аудан, облыс көлемінде атқарылған жұмыстардың барысына тоқталып, алдағы жоспарлармен бөлісті. Партияның сайлауалды бағдарламасына сәйкес ауданда 2025 жылға жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы автомобиль жолдарының көрсеткіші 100%-ға жетіп, аудан орталығы мен елді мекендер арасында жолаушыларды тасымалдаушы шығын автобустар жүргізілетін болады.
Сонымен қатар, алдағы 5 жылда партия 1 жас пен 6 жас аралығындағы балалар мектепке дейінгі тәрбие және оқытумен толық қамтамасыз етіліп, жоғары және бірінші санатты педагог кадрлардың үлесін арттыруға ықпал ететін болады.
Кездесу соңында үміткерлер 10 қаңтарда өтетін сайлауда партияға қолдау білдііп, дауыс беруге шақырды.
#NurOtanғаДауысБер
#BizBirgemiz
#JeńimpazBol
#Nur_Otan_Turkistan
#NurOtanMaktaaral
#Saylau2021
