ОНЛАЙН-КЕЗДЕСУ
Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы: «Білімді болуға оқу керек. Бай болуға кәсіп керек. Күшті болуға бірлік керек. Осы керектердің жолында жұмыс істеу керек» дейді.
Бүгінгі заман талабы терең білімді, еңбекті және әділдік, адалдық, тиянақтылық пен жауапкершілікті сезіне білуді талап етеді.
Біз сонда ғана бәсекеге қабілетті мемлекет, зияткер ұлт қалыптастыра аламыз.
Біз – жас ұлтпыз. Еліміздің әрбір екінші тұрғыны 30 жасқа толмаған. Жастардың өз қабілетін жүзеге асыруына, еліміздің қоғамдық-саяси өміріне араласуына, білім алуына және еңбек етуіне мүмкіндігі болуы тиіс.
Мақтаарал ауданының жастарымен онлайн кездесу ұйымдастырып, жұмыссыздықтың алдын алу бойынша сұхбат жүргіздік. Жастар өздерінің ой-пікірлерімен алмасып ұсыныстарын білдірді.
Кездесу соңында 10-қаңтарда өтетін сайлау науқанына қатысуға шақырдық!
