Перейти к содержимому

Новое

ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНЕ ҮМІТКЕР ЖЕРЛЕСТЕРІНІҢ ОРТАСЫНДА

«Nur Otan» партиясы атынан Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісіне үміткер жерлесіміз, Ержан Құдайберген Төлепұлы кеше Шардараға арнайы ат басын бұрған болатын. Мұндағы мақсат – жергілікті халықпен кездесу өткізіп, партияның міндеттері мен мақсаттарын кеңінен насихаттау.

Осы мақсатта бүгін түс ауа Қ.Ержан Ақшеңгелді ауылдық округіне қарасты Ақ алтын елді мекенінде тұрғылықты жұртшылықпен кездесу өткізді. Үміткер ауыл тұрғындарын алдағы мерекелермен құттықтай келе, партияның сайлауалды бағдарламасына терең шолу жасап өтті. Сонымен бірге үміткер ауыл тұрғындарын ертеңгі күні сайлауда «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.

«Nur Otan» партиясы Шардара аудандық филиалының баспасөз қызметі.

0
0
108

Агитационная встреча с жителями села Новосельское

Партия «NurOtan» выступает за всестороннее повышение качества жизни наших граждан, за доступ каждого к чистой воде, воздуху, жилью и качественным дорогам.

Мы поможем в реализации проектов «Дорожная карта занятости», «Құттымекен», «Ауыл – ел бесігі», которые направлены на модернизацию дорожной и транспортной инфраструктуры, жилищно-коммунальной сферы, а также сохранение благополучной экологической обстановки.

#NurOtan #JenimpazBol #BizBirgemiz #JasOtan #Tanday2021

NUR OTAN-ға ДАУЫС БЕР!

ГОЛОСУЙ за Nur Otan!

0
0
142

ТҮРКІСТАН-ЖЕТІСАЙ: МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТЫҒЫНА ҮМІТКЕР ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗДІ...

ТҮРКІСТАН-ЖЕТІСАЙ: МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТЫҒЫНА ҮМІТКЕР ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗДІ... «Nur Otan» партиясы Жетісай аудандық филиалының мәжіліс залында Парламент мәжілісіне үміткер Ержан Құдайберген Тәліпұлы ауданның бір топ жастарымен кездесті. Кедесу барысында «Nur Otan» партиясының ел мүддесі үшін атқарып келген жұмыстары мен алдағы партияның жоспарларындағы сайлауалды бағдарламасының басты бағыттарына тоқталып өтті.Бұл үшін «Nur Otan» партиясы аудандағы жастарға:- жалпы ауданы 47,75 гектар аумақта (Жетісай қаласында 20,6 га, Қазыбек би ауылында 12,25 га, Талаптыда 14,9 га) индустриялды аймақ құрып, кезең-кезеңмен 2023 жылы – 5 жоба, 2024 жылы – 8 жоба, 2025 жылы – 7 жоба іске асыруға;- 2025 жылға дейін жеке инвестициялардың есебінен жаңа 10 өңдеу кәсіпорындарын ашуға жағдай жасайды, оның…

0
0
106

АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ ҚЫЗУ ҚОЛДАДЫ

«Nur Otan» партиясы атынан ҚР Парламент Мәжілісіне үміткер Ержан Құдайберген Төлепұлы Шардара ауданына сапары барысында бүгін аудан орталығынан шалғайдағы елді мекендердің тұрғындарымен кездесулер өткізуде. Жерлесіміз осы орайда Достық ауылының тұрғындарымен кездесу өткізіп, жиын барысында партияның бағдарламасы мен мақсат-міндеттерін талдап түсіндіріп өтті. Сонымен бірге ауыл тұрғындарын 2021 жылдың 10 қаңтары күні өтетін сайлауда «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.

Ауыл тұрғындары өз кезектерінде сайлауға түгел қатысуға уәде берді.

«Nur Otan» партиясы Шардара аудандық филиалының баспасөз қызметі.

0
0
115

ТҮРКІСТАН–МАҚТААРАЛ: АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ АЙТҚАН МӘСЕЛЕЛЕР НАЗАРҒА АЛЫНДЫ

10 қаңтар күні өтетін сайлауда «Nur Otan» партиясынан Мақтаарал аудандық мәслихатының депутаттығына үміткер Мұхтар Әжіқабылов пен Сүндет Кенжебаев «КАНВАССИНГ» шарасы аясында Бірлік ауылдық округінің Өркениет елді мекенінің тұрғыны Әбдібақыт Жандаров ақсақалмен жүздесті. Жастық ғұмырын елдің экономикасы мен ауыл шаруашылығының дамуына арнаған ауыл ақсақалы бүгінде атыраптың қадірменді қариясы, елдің, ауылдың қоғамдық-саяси жұмыстарының белсендісі.Бүгінде елдің ықыласына бөленіп отырған қарияның шаңырағында болған қос кандидат ақсақалға «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын түсіндірді. Аталмыш бағдарлама арқылы алдағы 5 жылдағы ауданда атқарылатын жұмыстардың жоспарымен таныстырды. Батагөй қарттың ауылдың ішкі жолдары мен жастардың арасындағы жұмыссыздық жайлы айтқан ұсынысын тың…

0
0
192

ТҮРКІСТАН-ЖЕТІСАЙ: КАНВАССИНГ КЕЗДЕСУ ЖАЛҒАСУДА

ТҮРКІСТАН-ЖЕТІСАЙ: КАНВАССИНГ КЕЗДЕСУ ЖАЛҒАСУДА

Үгіт-насихат жүргізу мақсатында Абиболла ауылының тұрғыны Қайыпназарқызы Сапаркүл апамыздың үйіне барып КАНВАССИНГ өткізілді. Апамызға партиямыздың сайлауалды бағдарламалары түсіндіріліп, алдағы сайлауға белсенді қатысулары сұралды. Сапаркүл апай партиямызды қолдайтынын айтып, алдағы сайлауда сәттілік тіледі.

ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНЕ ҮМІТКЕР ШАЛҒАЙ АУЫЛДАРДА

Кеше шағалалы өлкеге ат басын бұрған «Nur Otan» партиясы атынан ҚР Парламент Мәжілісіне үміткер Ержан Құдайберген Төлепұлы шалғай елді мекендердің тұрғындарымен кездесулер өткізуде. Ауданымыздағы ең ірі кәсіпорын болып табылатын "Шардара су электр стансасы" АҚ-ын ұзақ жылдар басқарған жерлесіміз Егізқұм ауылының тұрғындарымен кездесіп, партияның бағдарламасы мен мақсат-міндеттерін талдап түсіндіріп өтіп, 2021 жылдың 10 қаңтары күні өтетін сайлауда «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.

«Nur Otan» партиясы Шардара аудандық филиалының баспасөз қызметі.

0
0
112

ТҮРКІСТАН-ЖЕТІСАЙ: АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ «NUR OTAN»-ДЫ ҚОЛДАЙДЫ

ТҮРКІСТАН-ЖЕТІСАЙ: АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ «NUR OTAN»-ДЫ ҚОЛДАЙДЫ

«Nur Otan» партиясы Жетісай аудандық мәслихатына үміткерлер Ж.Нармұхамедов, Р.Басымбекова, Х.Исаев, Ж.Серікбаев, Б.Төлегенов,К.Алиев және Х.Ахмедова «Қызылқұм» ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында ауыл тұрғындары газ мәселесін шешуді ұсынды, үміткерлеріміз 2025 жылға дейін ауданда газ мәселесі толығымен шешілетінін жеткізді. Тұрғындар алда келе жатқан сайлауда партиямызды қолдайтынын жеткізді.

0
0
125

КАНДИДАТТАР «ЭКСПРОМТ-КЕЗДЕСУГЕ» ШЫҚТЫ

«Nur Otan» партиясы атынан аудандық мәслиат депутаттығына үміткерлер бүгін аудан орталығында «Экспромт-кездесу» шарасы бойынша тұрғындармен кездесу өткізді. Үміткерлер өзі жолыққан жандарды Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

Осындай кездесулер барысында партияның бағдарламасы мен мақсат-міндеттерін талдап түсіндіріп өткен үміткер оларды ертеңгі күні сайлауда «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.

«Nur Otan» партиясы Шардара аудандық филиалының баспасөз қызметі.

0
0
144