ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНЕ ҮМІТКЕР ШАЛҒАЙ АУЫЛДАРДА
Кеше шағалалы өлкеге ат басын бұрған «Nur Otan» партиясы атынан ҚР Парламент Мәжілісіне үміткер Ержан Құдайберген Төлепұлы шалғай елді мекендердің тұрғындарымен кездесулер өткізуде. Ауданымыздағы ең ірі кәсіпорын болып табылатын "Шардара су электр стансасы" АҚ-ын ұзақ жылдар басқарған жерлесіміз Егізқұм ауылының тұрғындарымен кездесіп, партияның бағдарламасы мен мақсат-міндеттерін талдап түсіндіріп өтіп, 2021 жылдың 10 қаңтары күні өтетін сайлауда «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.
«Nur Otan» партиясы Шардара аудандық филиалының баспасөз қызметі.
