АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ ҚЫЗУ ҚОЛДАДЫ
«Nur Otan» партиясы атынан ҚР Парламент Мәжілісіне үміткер Ержан Құдайберген Төлепұлы Шардара ауданына сапары барысында бүгін аудан орталығынан шалғайдағы елді мекендердің тұрғындарымен кездесулер өткізуде. Жерлесіміз осы орайда Достық ауылының тұрғындарымен кездесу өткізіп, жиын барысында партияның бағдарламасы мен мақсат-міндеттерін талдап түсіндіріп өтті. Сонымен бірге ауыл тұрғындарын 2021 жылдың 10 қаңтары күні өтетін сайлауда «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.
Ауыл тұрғындары өз кезектерінде сайлауға түгел қатысуға уәде берді.
«Nur Otan» партиясы Шардара аудандық филиалының баспасөз қызметі.
