ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНЕ ҮМІТКЕР ЖЕРЛЕСТЕРІНІҢ ОРТАСЫНДА
«Nur Otan» партиясы атынан Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісіне үміткер жерлесіміз, Ержан Құдайберген Төлепұлы кеше Шардараға арнайы ат басын бұрған болатын. Мұндағы мақсат – жергілікті халықпен кездесу өткізіп, партияның міндеттері мен мақсаттарын кеңінен насихаттау.
Осы мақсатта бүгін түс ауа Қ.Ержан Ақшеңгелді ауылдық округіне қарасты Ақ алтын елді мекенінде тұрғылықты жұртшылықпен кездесу өткізді. Үміткер ауыл тұрғындарын алдағы мерекелермен құттықтай келе, партияның сайлауалды бағдарламасына терең шолу жасап өтті. Сонымен бірге үміткер ауыл тұрғындарын ертеңгі күні сайлауда «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.
«Nur Otan» партиясы Шардара аудандық филиалының баспасөз қызметі.
