Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ТҮРКІСТАН-ЖЕТІСАЙ: МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТЫҒЫНА ҮМІТКЕР ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗДІ...

ТҮРКІСТАН-ЖЕТІСАЙ: МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТЫҒЫНА ҮМІТКЕР ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗДІ...

«Nur Otan» партиясы Жетісай аудандық филиалының мәжіліс залында Парламент мәжілісіне үміткер Ержан Құдайберген Тәліпұлы ауданның бір топ жастарымен кездесті. Кедесу барысында «Nur Otan» партиясының ел мүддесі үшін атқарып келген жұмыстары мен алдағы партияның жоспарларындағы сайлауалды бағдарламасының басты бағыттарына тоқталып өтті.

Бұл үшін «Nur Otan» партиясы аудандағы жастарға:

- жалпы ауданы 47,75 гектар аумақта (Жетісай қаласында 20,6 га, Қазыбек би ауылында 12,25 га, Талаптыда 14,9 га) индустриялды аймақ құрып, кезең-кезеңмен 2023 жылы – 5 жоба, 2024 жылы – 8 жоба, 2025 жылы – 7 жоба іске асыруға;

- 2025 жылға дейін жеке инвестициялардың есебінен жаңа 10 өңдеу кәсіпорындарын ашуға жағдай жасайды, оның ішінде:

• жылына 5 мың тонна май шығаратын цех қайта жаңғырту арқылы іске қосылады;

• тәулігіне 30 тонна макарон өндіретін цех ашылады;

• тәулігіне 150 тонна ұн шығаратын комбинат салынады;

• Ж. Ералиев ауылында аяқ киім шығаратын цех өндірісі екі есеге (жылына 500 мың парға дейін) ұлғайтылады.

Бұл шаралар 2 мыңнан астам жұмыс орнын құруға (орташа есеппен жылына 400), орташа жалақыны 93,4 мыңнан 140 мың теңгеге дейін арттыруға және жалпы жұмыссыздық деңгейін 5,2 пайыздан 5 пайызға дейін төмендетуге мүмкіндік береді.

Нәтижесінде жұмыссыздық деңгейі 5%-ға, оның ішінде жастар жұмыссыздығы 3,9%-ға дейін төмендейді теп түсіндіріп өтті.

Мұндай жұмыстар партияның жоспары бойынша алдағы уақытта жалғасын табатын болады.

Осындай ауқымды істерді жүзеге асырып келген партияны қолдап, 2021жылы 10 қаңтарда өтетін сайлауда «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.

0
0
100

Еще по теме

ТҮРКІСТАН-ЖЕТІСАЙ: МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТЫҒЫНА ҮМІТКЕР ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗДІ... - Yvision.kz