КАНДИДАТТАР «ЭКСПРОМТ-КЕЗДЕСУГЕ» ШЫҚТЫ
«Nur Otan» партиясы атынан аудандық мәслиат депутаттығына үміткерлер бүгін аудан орталығында «Экспромт-кездесу» шарасы бойынша тұрғындармен кездесу өткізді. Үміткерлер өзі жолыққан жандарды Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.
Осындай кездесулер барысында партияның бағдарламасы мен мақсат-міндеттерін талдап түсіндіріп өткен үміткер оларды ертеңгі күні сайлауда «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.
«Nur Otan» партиясы Шардара аудандық филиалының баспасөз қызметі.
