Перейти к содержимому

Новое

ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ.

ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ.

Бүгін "Есіктен есікке" акциясы шеңберінде Ерейментау қаласының тұрғындарымен кездесу өткіздім. Кездесу барысында тұрғындарды "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырдым. Алдағы сайлауда "Nur Otan" партиясын қолдап, сайлауға қатысып, дауыс беруге шақырдым.

Партия әр азаматқа лайықты өмір сүруі үшін нақты істер атқаратын болады!

Еліміздің жарқын болашағы үшін "Nur Otan" партиясына дауыс беріңіздер!

"Nur Otan: Бюллетенде екінші, өмірде бірінші!"

"Nur Otan"-ға дауыс бер!

#NurOtanДауысБер #ГолосуйЗаNurOtan

#JenimpazBol

#Tanday2021

#Bizbirgemiz#NurOtan #Nur Otan Ereimentau

0
0
109

«Акция от двери к двери»

Сегодня провели акцию «ОТ ДВЕРИ К ДВЕРИ» в Наурызбайском районе, в акции участвовали активисты и члены штаба Наурызбайского районного филиала партии «Nur Otan». В ходе акции было охвачено 70 домов, многие поддержали инициативы партии и пожелали удачи на выборах.

0
0
105

АТАЛАР МЕН АПАЛАРДЫҢ БАТАСЫН АЛДЫ

Аудандық мәслихат депутаттығына кандидат Сәуле Омаш бүгін Дербес ауылына ат басын тіреп, ауылдың аузы дуалы қарияларымен Канвассинг кездесуін өткізді.

Үміткер агитация басталғалы ауыл тұрғындарының тыныс-тіршілігімен танысып келеді.

— Сіздердің берген ақ баталарыңызбен елге қызмет етіп жүруді ниет еттім. Қазір еліміз күннен күнге өсіп өркендеп келеді. Дамыған 30 елдің қатарына кіру мақсатында қаншама жұмыстар жүріп жатыр. Биылғы «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасында барлығы қамтылған. Елдің әлеуетін арттыру үшін түрлі бағыттағы бағдарламалар жоспарланды. Алдағы 5 жылда сол бойынша ауданда жүйелі жұмыстар жүргізіледі. Сіздерді партиямызға сенім артып, 10 қаңтарда дауыс беруге шақырған болар едім, — деді үміткер қариялармен өткен канвассинг кездесуінде.

0
0
188

КАНДИДАТТАР ШАРУАЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

«Nur Otan» партиясынан Шардара аудандық мәслихатының депутаттығына кандидаттар ел ішіндегі үгіт-насихатты барған сайын жандандыра түсуде. Олар түрлі форматта кездесулер ұйымдастырып, сайлауалды бағдарламаны түсіндіруде.

Бүгін бір топ кандидаттар ауылдық округтерде ауыл шаруашылығы саласының мамандарымен кездесу өткізді. Кездесулер барысында үміткерлер шаруаларға партия бағдарламасы мен мақсат-міндеттерін талдап түсіндіріп өтті. Сонымен бірге оларды ертеңгі күні сайлауда «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.

«Nur Otan» партиясы Шардара аудандық филиалының баспасөз қызметі.

0
0
107

ЕЛ ІШІНДЕ – ЭКСПРОМТ-КЕЗДЕСУ

«Nur Otan» партиясы атынан Шардара аудандық мәслихатының депутаттығына кандидаттар мен партия мүшелері «Экспромт-кездесу» шарасы бойынша тұрғындармен кездесуді одан әрі жалғастыруда. Бүгін бір топ кандидаттар мен партия белсенділері Орталық базардағы «Жәния» сауда үйінде осындай кездесулер ұйымдастырды. Кездесулер барысында үміткерлер кәсіпкерлер мен тұтынушыларға партия бағдарламасы мен мақсат-міндеттерін талдап түсіндіріп өтті. Сонымен бірге оларды ертеңгі күні сайлауда «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.

«Nur Otan» партиясы Шардара аудандық филиалының баспасөз қызметі.

0
0
119