Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ЕЛ ІШІНДЕ – ЭКСПРОМТ-КЕЗДЕСУ

«Nur Otan» партиясы атынан Шардара аудандық мәслихатының депутаттығына кандидаттар мен партия мүшелері «Экспромт-кездесу» шарасы бойынша тұрғындармен кездесуді одан әрі жалғастыруда. Бүгін бір топ кандидаттар мен партия белсенділері Орталық базардағы «Жәния» сауда үйінде осындай кездесулер ұйымдастырды. Кездесулер барысында үміткерлер кәсіпкерлер мен тұтынушыларға партия бағдарламасы мен мақсат-міндеттерін талдап түсіндіріп өтті. Сонымен бірге оларды ертеңгі күні сайлауда «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.

«Nur Otan» партиясы Шардара аудандық филиалының баспасөз қызметі.

0
0
107

Еще по теме

ЕЛ ІШІНДЕ – ЭКСПРОМТ-КЕЗДЕСУ - Yvision.kz