Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

АТАЛАР МЕН АПАЛАРДЫҢ БАТАСЫН АЛДЫ

Аудандық мәслихат депутаттығына кандидат Сәуле Омаш бүгін Дербес ауылына ат басын тіреп, ауылдың аузы дуалы қарияларымен Канвассинг кездесуін өткізді.

Үміткер агитация басталғалы ауыл тұрғындарының тыныс-тіршілігімен танысып келеді.

— Сіздердің берген ақ баталарыңызбен елге қызмет етіп жүруді ниет еттім. Қазір еліміз күннен күнге өсіп өркендеп келеді. Дамыған 30 елдің қатарына кіру мақсатында қаншама жұмыстар жүріп жатыр. Биылғы «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасында барлығы қамтылған. Елдің әлеуетін арттыру үшін түрлі бағыттағы бағдарламалар жоспарланды. Алдағы 5 жылда сол бойынша ауданда жүйелі жұмыстар жүргізіледі. Сіздерді партиямызға сенім артып, 10 қаңтарда дауыс беруге шақырған болар едім, — деді үміткер қариялармен өткен канвассинг кездесуінде.

0
0
184

Еще по теме

АТАЛАР МЕН АПАЛАРДЫҢ БАТАСЫН АЛДЫ - Yvision.kz