КАНДИДАТТАР ШАРУАЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ
«Nur Otan» партиясынан Шардара аудандық мәслихатының депутаттығына кандидаттар ел ішіндегі үгіт-насихатты барған сайын жандандыра түсуде. Олар түрлі форматта кездесулер ұйымдастырып, сайлауалды бағдарламаны түсіндіруде.
Бүгін бір топ кандидаттар ауылдық округтерде ауыл шаруашылығы саласының мамандарымен кездесу өткізді. Кездесулер барысында үміткерлер шаруаларға партия бағдарламасы мен мақсат-міндеттерін талдап түсіндіріп өтті. Сонымен бірге оларды ертеңгі күні сайлауда «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.
«Nur Otan» партиясы Шардара аудандық филиалының баспасөз қызметі.
