Перейти к содержимому

Новое

ҚОЛӨНЕР-ХАЛҚЫМЫЗДЫҢ ҰЛТТЫҚ МҰРАСЫ

Ұрпақтан ұрпақ ауысып, тамырын тереңге жайып келе жатқан халық мұрасы - қолөнермен айналысатын Бейсбековтар отбасысының “Алтын-Орда” көркемсурет галереясында болдық. Отбасының отағасы Бейсбеков Болат пен келіншегі Айдарбекова Күләш мәдениет саласының үздігі, ал тәрбиелеп отырған 6 перзенттерінің 4 және өздері де Қазақстан суретшілер одағының, Қазақстан қолөнершілер одағының мүшелері болып табылады. Отбасы өз қаражатына үйінен 700 шаршы метрді құрайтын шеберханасы бар галерея салып, қолөнерді үйренемін деген талапкерлерге шеберлік сабақтарын беріп, өздері жұмыс орындарын ашуына көмек көрсетіп, қызмет істеп жатқаны көз қуантады.Бейсбеков Болат пен жары Айдарбекова Күләш 1980 жылы оқуды бітірген кезден қазіргі уақытқа дейін, дарақ бір жерден көгереді дегендей тоқырау заманның өзінде де қолөн…

0
0
339

КАНДИДАТТАР АВТОБЕКЕТТЕРДЕ КЕЗДЕСУ ҰЙЫМДАСТЫРДЫ

Сайлау күні жақындаған сәтте «Nur Otan» партиясынан аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар үгіт-насихат жұмыстарын күшейте түсті. Бүгін бір топ партия белсенділері автобекеттерде кездесулер ұйымдастырып, жұртшылықпен жүздесті. Мұндағы мақсат – партия бағдарламасын насихаттай отырып, жұртшылықты дауыс беруге шақыру.

Аталған кездесулер барысында үміткерлер партияның мақсаттары мен міндеттерін, сайлауалды бағдарламаларды жете түсіндірді. Өз кезегінде тұрғындар да көкейлерінде жүрген мәселелерді ортаға салды.

Кандидаттар жұртшылықты ертеңгі күні «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.

«Nur Otan» партиясы Шардара аудандық филиалының баспасөз қызметі.

0
0
114

ТАРИХЫН ТАНУ – ТАҒЫЛЫМДЫ ІС

«Ойды ой қозғайды» деген аталы сөздің мағынасын абайтанушы-ғалымы Мекемтас Мырзахметұлының «Ел қалай орыстандырылды» еңбегін оқыған соң түсініп, халқымыздың тарихы жайлы еңбектерге қызығушылығым арта түскен болатын. Соның нәтижесінде біршама еңбектерді оқып, көптеген жұмбақтардың шешімін тапқандай едім. Дегенмен, Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласын оқығаннан кейін ойымды ой қозғап, қазақ тарихының жасанды бұрмалауға ұшырауы жайлы ойымды ортаға салуды жөн көрдім.Кешегі күнге дейінгі зерттеулер мен мектеп қабырғасында оқыған тарих сабақтарына алған білімімізді ой елегінен өткізіп қарасақ, кеңестік тоталитарлық коммунистік саясат пен түркітанушы ғалымдардың біршама еңбектерінде Ұлы Даланы мекендеген халықтың бәрін «иран тілді мәдени ортаның ықпалы…

0
0
127

ЕНДІГІ ӘҢГІМЕ - ҰЛТТЫҚ МУЗЫКА ТУРАЛЫ

Қазақтың халық музыкасы – қазақ ұлтының дәстүрлі музыкасы, қазақ фольклорының маңызды әрі мұрасы аса бай, сондай-ақ сан ғасырлық даму тарихы бар саласы. Көне заманнан келе жатқан ән-күй туралы халықтың аузында қалыптасқан және күні бүгінге дейін айтылып келе жатқан көптеген мақал-мәтелдер, аңыздар, жырлар осының айғағы. Атамыз қазақтың: «Сөз – күміс, ән – алтын», «Ел көркі – қыз, той көркі – ән» деген асыл да, аталы сөздері осы өнерге арналған. Сондықтан ән мен күй шыққан күн, туған айдай дала жұртының тал бесіктен жер бесікке түскенге дейінгі жан серігі болған. Ауылдан ауылға ән айтып, күй тартып жүрген сонау диуана мен бақсылардан бастап, жыршылар мен сал-серілерге дейін өз өнерін көрсетіп, халықтың көңілін көтерген, той-томалақ пен түрлі ойын-сауық, отырыстардың көркі болған. Жаратылыс…

0
0
362

АРДАГЕРЛЕР НҰРОТАНДЫ ҚОЛДАЙДЫ

Бүгін Шардара аудандық мәслихатына үміткерлер аудандық ардагерлер үйінде бір кездері еңбек көрігін қызыдырып, бүгінде сол еңбектерінің зейнетін көріп отырған ардагерлер қауымымен кездесу өткізді. Кездесу барысында партияның бағдарламасын кеңінен насихаттап, ардагерлердің 10 қаңтарда өтетін сайлауға түгел қатысатынына сенім білдіріп, оларды «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.

«Nur Otan» партиясы Шардара аудандық филиалының баспасөз қызметі.