ОТАНЫМЫЗ – БІР
«Барлық шешімді екшеп, ашық әрі әділ, ең бастысы – қоғам мүддесі мен талабын ескере отырып қабылдаймыз». Көпшіліктің сұрап жүрген, іштей тілеп, күтіп жүрген бүкпесіз шындығы. Бұл сөздер Президенттікке үміткер Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 7 жылға арналған «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» атты сайлауалды бағдарламасында орын алған. Сайлауалды тұғырнамада елдің дамуы мен өркендеуі ең қажетті 18 сектор әдейілеп алынған. Саяси жаңғырудан бастап экологиялық тазалыққа дейінгі сан-сала қамтылған.Жылдары нақты, цифрлары ауқымды. Елдің қауіпсіздігі, әділ сот төрелігі, ауыл шаруашылығы мен инфрақұрылым, цифрлық дамудың мүмкіндіктері егжей-тегжейлі көрсетілген. Білім мен мәдениеттің өркендеуі, заманауи медицинаның қолжетімділігі, халықтың әлеуметтік қорғалуы н…